Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

03.12.2024

«Бәйтерек» холдингі мен John Deere Қазақстандағы стратегиялық серіктестік бойынша келіссөздерді жалғастыруда

19.05.2022

ҚДБ даниялық EKF агенттігінің сақтандыруымен J.P. Morgan-нан қарыз тартты

ҚДБ даниялық EKF агенттігінің сақтандыруымен J.P. Morgan-нан қарыз тартты

12 мамырда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың еншілес құрылымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) J.P. Morgan-нан 10 жылдан астам мерзімге 120 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз тартты. Тартылған қаражат Ақтоғай тау-кен байыту комбинатына арналған жабдықтарды сатып алуды ұзақ мерзімді қаржыландыруға бағытталды. Мәміле бойынша сақтандыру өтелімін Данияның EKF экспорттық-кредиттік агенттігі қамтамасыз етеді. Дания агенттігі үшін бұл Қазақстандағы алғашқы мәміле болды.

«Мұндай қарыз ҚДБ-ға Қазақстанның тау-кен металлургия кешеніндегі ірі кәсіпорындардың бірінің дамуын қаржыландыруға мүмкіндік берді. Ақтоғай ТКБ-нің қуаттарын кеңейту жөніндегі жоба ESG-талаптарын сақтау бойынша ERM-нің тұрақты дамуы жөніндегі халықаралық кеңесшісінің экологиялық қорытындысын алғаны маңызды. Бұдан басқа, біз ірі халықаралық агенттіктен сақтандыру алдық, бұл ҚДБ-ға және ол қаржыландыратын жобаларға жоғары сенім туралы айтады», - деп «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков түсініктеме берді.

Сондай-ақ, Ботагөз Әбішева жобаның ел үшін маңыздылығына назар аударды. Оны жүзеге асыру стратегиялық маңызды кәсіпорында өндірісті ұлғайтып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өнеркәсіптік әлеуетін дамытады, сонымен қатар қосымша білікті жұмыс орындарын құрады.

J. P. Morgan уәкілетті жетекші ұйымдастырушы, кредитор және қарыз бойынша агент болып таңдалды, сондай-ақ 95% сақтандыруды EKF агенттігі қамтамасыз ететін қарызды құрылымдау және ұйымдастыру үшін жауап берді.

«Қаржыландыру соңғы онжылдықтағы нарықтағы ең тұрақсыз жағдайлардың бірі аясында жүзеге асырылды. Бұл барлық тараптардың қажырлы еңбегінсіз мүмкін емес еді. J.P. Morgan үшін ҚДБ жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берген EKF-тің сақтандыруымен қолдау тапқан осы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін бізді таңдағаны үлкен құрмет», - деп J.P. Morgan Экспорттық және агенттік қаржыландыру бағытының басшысы Джон Микин атап өтті.

Айта кетейік, бұл EKF агенттігінің ҚДБ-мен ынтымақтастықта қазақстандық қарыз алушы үшін тау-кен өндіру жобасы бойынша алғашқы сақтандыру мәмілесі.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейінгі жобаларды қаржыландырудың ыңғайлы құрылымын ұсынады. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың «шегі» 7 млрд теңгеден, тамақ саласы үшін - 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін - 1 млрд теңгеден басталады. Банк сондай-ақ ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында ҚДБ әкімшілендіруіндегі, қаржыландыруындағы және қарауындағы жобалар туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат базасын кеңейтті. Банктің сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы ақпаратпен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.

JPMorgan Chase & Co – американдық трансұлттық қаржы конгломераты, әлемдегі ең ірі банктердің бірі. Bank of America, Citigroup және Wells Fargo-мен бірге АҚШ банктерінің «үлкен төрттігіне» кіреді және 3,7 трлн доллар мөлшеріндегі жалпы активтерге ие. Инвестициялық-банктік қызметтерді, тұтынушылар мен шағын бизнеске арналған қаржылық қызметтерді, коммерциялық банктік қызметтерді, қаржылық транзакцияларды өңдеу және активтерді басқару қызметтерін ұсынады.

Данияның EKF экспорттық-кредиттік агенттігі 1922 жылы құрылып, әлемдегі үшінші мемлекеттік агенттігі болды. EKF даниялық компаниялардың экспортын қолдаумен айналысады, бұл шетелдік клиенттер үшін осы елден тауарларды сатып алуды қол жетімді және тартымды етеді. 2021 жылы EKF 26 млрд дат кронына экспорттық келісімшарттарды сақтандырды, агенттік портфелінің жалпы көлемі 112 млрд дат кронына жетті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар