25.09.2024 18:57:00
- Холдинг туралы
2024 жылғы 5-6 қыркүйекте «Астана» халықаралық қаржы орталығында 70-тен астам елден 3000-нан астам қатысушыны жинаған «Astana Finance Days» (AFD) жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр. 2018 жылы басталған Конференция Орталық Азиядағы қаржы саласының, инвестициялар мен инновациялардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған негізгі алаң.
2024 жылғы конференцияның тақырыбы – «Инновация. Инвестиция. Серпін», бұл Қазақстанның озық технологияларын, инвестициялық мүмкіндіктерін және қаржының өңірдің тұрақты дамуындағы рөлін талқылауға ұмтылысын көрсетеді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қаржы саласының, бизнес өкілдері мен қаржы саласындағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлерді зерделеу үшін біріккен инвесторлар қатысуда.
«Қаржы, құқық және даму: өңірдегі инфрақұрылымға инвестициялардың болашағын қалыптастыру» негізгі сессияларының бірінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндама жасады. Өз сөзінде ол ұзақ мерзімді жобаларға, әсіресе әлемдік экономикадағы Орталық Азияның маңызды рөлі аясында «ақылды» инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.
«Соңғы екі жылда біз Орталық Азияның Еуропа мен Қытай үшін шешуші рөлін мойындай отырып, тәуекелдерге қарамастан, инвесторлардың аймақтың инфрақұрылымына инвестиция салуға дайын екенін байқадық. Біздің міндетіміз – азаматтарға пайда әкелетін, қызмет көрсету сапасын жақсартатын және тұрақты экономикалық перспективалар жасайтын ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту», – деді Рустам Қарағойшин.
Сондай-ақ, конференция шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Іскерлік бағдарламаның жалғасында Еуразиялық банкпен бірлесіп ұйымдастырылған ресми қабылдау өтті, онда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «ESG саласындағы көшбасшы» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.