05.01.2020

Бәйтерек» холдингінің қызметкерлері Президенттік кадрлық резервке енді

Бәйтерек» холдингінің қызметкерлері Президенттік кадрлық резервке енді

«Бәйтерек» холдингінің және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері желтоқсанда қалыптастырылған Президенттік кадрлық резервке енді.  

 

Ұлттық комиссия өз отырысында сараптау комиссиясы ұсынған үміткерлерді қарастырып, 300 жас маманды іріктеп алды. Олар таяу және орта мерзімді келешекте мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты аймақтарға жіберілетін болады. 

 

Президенттің кадрлық резервіне енгендердің арасында «Бәйтерек» холдингінің үш қызметкері – Талдау және зерттеулер департаментінің бас менеджері Сырымбет Қаскеев, Жобалық қаржыландыру және МЖӘ департаментінің жоба жетекшісі Ернар Мыңжанов, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Ернар Сүлейменов бар.      

 

Сонымен қатар, «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамынан – Зерттеулер және стратегиялық даму дирекциясының бас менеджері  Спандиярхан Кульметов және Инвестициялық жобалар дирекциясының директоры Ержан Утюбаев; «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамынан –  Операциялық тәуекелдер басқармасының бастығы Ерболат Даданбаев, Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің бас менеджері Жұлдыз Құнанбаева, Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің бас менеджері Абылайхан Шаймарданов; «QazTech Ventures» акционерлік қоғамынан – Басқарма төрағасы Жандос Шаймарданов және Басқарма төрағасының орынбасары Медет Дүйсембаев; «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан – бас маман Жарас Молдабаев және Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Дамир Сүйінтаев; сондай-ақ «Қазақстанның тұрығн үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалы директорының орынбасары Кирилл Гусев Президенттік кадрлық резервке енді.

 

- Президенттік кадрлық резерв – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиімді менеджерлердің жаңа толқынын қалыптастыратын және елдің жаңа буыны үшін пәрменді әлеуметтік лифтілер жүйесін қалыптастыратын стратегиялық маңызды бастамасы. Үздік-300 құрамына «Бәйтерек» холдингінің және еншілес ұйымдарының 13 өкілі енді. Бұл біздің ұйымда кәсіби шеберлігі жоғары мамандар жұмыс істейтінін айғақтайды. Біз өз қызметкерлерімізді бағалаймыз, сондай-ақ ішкі ресурстарды дамыту үшін барынша әрекет етеміз және жас мамандардың дамуына жағдай жасаймыз. Қызметкерлеріміздің орташа жас мөлшері 36 жасты құрайды, - деп атап өтті, Холдингтің Басқарушы директоры Арман Шамшин.

 

Айта кетейік, 35 жасқа дейінгі 13 мың адам өтініш берген. Іріктеуге қатысу үшін өтінім берілгеннен кейін үміткерлер бірнеше дәйекті кезеңдерден өтті.

 

Бірінші кезең – қатысушылардан құжат қабылдау. Екінші кезең – үміткерлерді тестілеу. Тест үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған. Үшінші кезең – үміткерлердің көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық болжам жасай алу деңгейін, уәждемесі мен құндылықтарын бағалау. Бұл үшін үміткерлер эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызды жобаларын таныстыруы тиіс болды. Төртінші кезең – Сараптамалық комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі. Аталған кезеңге алдыңғы іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша жиынтық ұпайы жоғары болған қатысушылар жіберілді. Іріктеудің қорытынды кезеңі – қатысушылардың кандидатураларын Кадрлық резерв жөніндегі ұлттық комиссияда қарау болып табылды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар