14.11.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Айнұр Қуатова Францияның «BpiFrance» мемлекеттік инвестициялық банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Айнұр Қуатова шетелдік делегацияға Холдингтің қызметі туралы айтып, «Бәйтерек» ел экономикасын тұрақты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Үкіметтің негізгі институты болып табылатынын атап өтті.
«Бәйтерек» және «BpiFrance» - қызметі бойынша өзара ұқсас даму институттары болып табылады, сондықтан түрлі салалар бойынша тәжірибе мен білім алмасу екі тарап үшін де маңызды.
Өз кезегінде, BpiFrance-тің Еуропадан тыс серіктестіктер бойынша басшысы Изабель Лебо әріптестерін Банк ұсынған қаржыландыру аясында кәсіпорындар қандай құралдарды пайдалана алатыны туралы хабардар етті.
Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға ниет білдірді. 2015 жылы ҚР Президентінің Францияға сапары аясында Холдинг пен BpiFrance арасында өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Холдинг пен банктің еншілес ұйымдары арасында шағын және орта бизнесті дамыту, тікелей, венчурлік инвестициялар қорларына қатысу, ірі жобаларды қаржыландырудағы ынтымақтастық, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдау сияқты бағыттар бойынша серіктестік мүмкіндіктері көзделген жаңа келісім жасасу ұсынылуда.
Изабель Лебоның айтуынша, Француз даму институты холдинг қызметінің «QazTech Ventures» АҚ арқылы инновацияларды дамыту және «KazakhExport» АҚ құралдары арқылы экспорттық қолдау көрсету бағыттарына ерекше қызығушылық тудырады.
Бұған қоса Францияда BpiFrance шағын және орта бизнес өкілдерін оқытып, коучинг қызметін ұсына отырып, қаржылық емес қолдау көрсетуде. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры осындай тренингтерді ұйымдастыру бойынша француз әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытты.