29.08.2024

Бәйтерек стратегиялық ынтымақтастықты нығайтып, «шикізаттық емес» секторға неміс инвестицияларын тартуда

Бәйтерек стратегиялық ынтымақтастықты нығайтып, «шикізаттық емес» секторға неміс инвестицияларын тартуда

Берлин қаласында стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің 15-отырысы өтті. Қазақстандық делегация өкілдерінің арасында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшылығы, негізгі салалық министрліктер мен отандық бизнес көшбасшылары бар.

Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі – екі елдің іскер топтарының тұрақты үйлестіру-кеңесші органы және 2010 жылдан бастап Қазақстан экономикасына неміс инвестицияларын тартудың тиімді тетігі.

2024 жылдан бастап Қазақстан тарапынан іскерлік кеңестің тең төрағасы болып ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, ал тең төрағаның орынбасары лауазымына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин тағайындалды.

ҚГІК-нің 15-ші отырысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, инвестициялар тарту және агроөнеркәсіптік кешен мен қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Біздің Іскерлік Кеңес алаңындағы ынтымақтастық саяси байланыстарды нығайтады және өңірлерде де, әлемде де тұрақтылық пен өркендеуге ықпал ететін ұзақ мерзімді әріптестіктің негізін құрайды. 2023 жылы Қазақстанның шикізаттық емес секторына 5,6 миллиард еуро сомасында қолдау көрсеткен «Бәйтерек» холдингі екіжақты ынтымақтастықты, әсіресе агроөнеркәсіптік салада байланыстарды дамытуды жалғастыруда. Біз бірлесіп жұмыс істеу және неміс инвесторларымен әріптестікті нығайту үшін зор әлеуетті көріп отырмыз», - деп атап өтті Рустам Карагойшин.

3 (3).jpg

Германияның ауылшаруашылық техникасын өндірушілер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және German Agribusiness Alliance, Siemens, Siemens Energy, Deutsche Bahn, KfW Banken Gruppe, Deutsche Bank, Helaba, Euler Hermes, DF Deutsche Forfait, CT Agro, CLAAS KGaA, Svevind Energy, Flight Design General Aviation сияқты елдің ірі қаржы институттары қатысуға үлкен қызығушылық танытты.

Отырыс барысында тең төрағалар Германияның Федералды канцлері Олаф Шольцтың Астанаға қыркүйек айында сапары қарсаңында өтетін іс-шараның ерекше маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, Германия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі сауда серіктесі екені, ал Қазақстан Германияның жетекші 50 сыртқы сауда серіктесінің қатарына (45-орын) кіретіні атап өтілді.

Неміс инвестицияларының үлкен үлесі «шикізаттық емес» секторға, атап айтқанда, қайта өңдеу өнеркәсібіне, химия саласына, құрылыс материалдарын өндіруге, көлік пен агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі.

ҚГІК шеңберінде тараптар 10 құжатқа, оның ішінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге, Саарбрюккен Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, қазақстандық және германдық компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға, сондай-ақ Flight design Kazakhstan зауытын салу туралы уағдаластыққа қол қойды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар