05.12.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Sustainable Fitch халықаралық рейтинг агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ESG-рейтингін «3» деңгейінен «2» деңгейіне көтерді. Жалпы балл 100-ден 65 (бұған дейін – 59). Бұл Холдингтің ESG қағидаттарын енгізу және қызметінің ашықтығын халықаралық стандарттарға сәйкес арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын көрсетеді.
Агенттік Холдингтің экологиялық ақпаратты ашу бойынша көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Холдинг алғаш рет компаниялардың барлық тобы үшін үш санат — Scope 1, Scope 2 және Scope 3 жөніндегі деректер жарияланды.
Холдингтің еншілес ұйымдары «жасыл» жобаларды белсенді қаржыландыруды жалғастырды. Агенттік Холдинг тобының қызметі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауда маңызды рөл атқаратынын және оң әлеуметтік әсер беретінін атап өтті.
Sustainable Fitch Холдингтің адам құқықтары мен еңбек практикалары саласындағы жоғары міндеттемелерін ерекше бағалады. Компаниядағы гендерлік теңгерім де тұрақты деңгейде сақталып отыр.
Агенттік сондай-ақ Холдингтің корпоративтік басқару жүйесін жоғары бағалады: басқару құрылымының ашықтығы, шешім қабылдаудағы теңгерімділік, тәуекелдерді басқарудың сенімді жүйелері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігі атап өтілді.
«Бәйтерек» холдингі ESG-практикаларын одан әрі күшейтіп, өз қызметінің ашықтығын серіктестер, қоғам және инвесторлар үшін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.
Анықтама үшін:
Sustainable Fitch – ұйымдардың тұрақты даму деңгейін бағалайтын халықаралық рейтингтік агенттік. ESG-рейтингі компаниялардың тұрақты болашаққа қосқан үлесін көрсететін экологиялық, әлеуметтік және басқару факторларын бағалауға негізделген.