20.05.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
20 мамыр күні Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның 13 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Холдинг басшылығы, орталық аппарат қызметкерлері және еншілес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Бәйтерек» холдингі 2013 жылғы 22 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылды. Осы уақыт аралығында Холдинг ауқымды институционалдық өзгерістерден өтіп, даму институттарының жұмысын үйлестіретін құрылымнан кәсіпкерлікті, өндірісті, экспортты, агроөнеркәсіп кешені мен тұрғын үй саласын қолдайтын ірі инвестициялық институтқа айналды.
Салтанатты жиынды ашқан Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин ұжымға алғысын білдіріп, 13 жыл ішіндегі негізгі нәтижелерге тоқталды. Оның айтуынша, Холдинг құрылған сәттен бастап жалпы сомасы 31 трлн теңгені құрайтын 396 мың жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ ел экономикасына 13 трлн теңге көлемінде салық түсімдері қайтарылып, 1,76 миллионнан астам жұмыс орны құрылды.
«Бұл көрсеткіштердің артында кәсібін бастаған азаматтардың арманы, өндірісін кеңейткен кәсіпкерлердің еңбегі, баспаналы болған отбасылардың қуанышы тұр», — деді Рустам Қарагойшин.
Сөз барысында 2025 жылы «Бәйтерек» холдингінің инвестициялық холдинг ретінде трансформациялануына ерекше назар аударылды. Холдинг басшысының айтуынша, бұл қадам ел экономикасының инвестициялық әлеуетін күшейтуге бағытталған жаңа кезеңнің бастауы әрі қосымша жауапкершілік.
Іс-шара аясында Холдингтің дамуына үлес қосқан қызметкерлерге «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингіне 13 жыл» мерекелік медалі табысталды. Марапатқа Холдингтің компаниялар тобында 10 жылдан астам еңбек еткен басшылар, орталық аппарат қызметкерлері және еншілес ұйымдардың өкілдері ие болды.
Жиын соңында Рустам Қарагойшин ұжымды құттықтап, «Бәйтерек» алдағы уақытта да Қазақстан экономикасының дамуына және елдің инвестициялық әлеуетін нығайтуға қызмет ете беретініне сенім білдірді.
* «е-Өтініш» жүйесін институционализациялау аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын бірегей платформа ретінде сіз өз шағымдарыңыз бен өтініштеріңізді көрсетілген платформа арқылы келесі сілтеме бойынша жолдай аласыз: https://eotinish.gov.kz






