07.04.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ және оның еншілес ұйымы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ пластик қалдықтарын азайтуға және экологиялық жауапкершілік мәдениетін дамытуға бағытталған Smart Plastic Zone жобасына белсене қатысып, жоғары дәрежелі – «Алтын» белгімен марапатталды.
Аталған жоба Coca-Cola компаниясы мен GreenUrban қауымдастығының қолдауымен, «GPI-Lab» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Мақсаты – бизнесті пластикті ұқыпты тұтынуға ынталандыру, қайта өңдеуге жағдай жасау және баламалы экологиялық шешімдерді енгізуге қолдау білдіру. Белгі иегерлері екі номинация бойынша анықталады: «Күміс» – алғашқы қадам жасағандарға, «Алтын» – тұрақты экологиялық тәжірибелерді кешенді түрде енгізіп жүрген көшбасшыларға беріледі.
«Алтын» белгі – пластикті тұтынуды барынша азайтып, қалдықтарды сұрыптап жинау және балама материалдарды қолдану секілді жауапты экологиялық шешімдердің сәтті жүзеге асқанын білдіретін айрықша көрсеткіш.
«Бәйтерек» холдингі үшін экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік – күнделікті қызметіміздің маңызды бөлігі. Smart Plastic Zone жобасына қатысуымыз – осы бағыттағы жүйелі жұмысымыздың жалғасы. Алдағы уақытта да тұрақты даму қағидаттарын ұстанып, отандық корпоративтік секторда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімізді қоса береміз», – деді холдинг Аппаратының басшысы Дина Акрачкова.
«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары ESG қағидаттарына сай жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, еліміздегі жасыл бастамаларға қолдау көрсетіп келеді.