25.02.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
21 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қаржыландыру мәселелері бойынша табиғи монополия субъектілері (ТМС) үшін екінші семинар өткізді. Бірінші іс-шара 14 ақпанда өтті.
Семинар 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 Үкімет қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Ұлттық жоба инженерлік желілердің тозуын төмендетуге, инфрақұрылымды жаңартуға және 86 мың км коммуналдық желілерді жөндеуге 6,8 трлн теңге инвестиция тартуға бағытталған. Оның іске асырылуы инженерлік желілердің тозу деңгейін 50%-дан төмендетуге, апаттар санын азайтуға және коммуналдық шаруашылықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Іс-шараға қатысушылар – ТМС өкілдері және инфрақұрылымдық қаржыландыру саласындағы сарапшылар – қолжетімді несиелендіру тетіктерін, мемлекеттік қолдау шараларын және инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды. Ерекше назар келесі қаржыландыру схемаларына аударылды:
Холдинг өкілдері қолданыстағы қолдау бағдарламалары және мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен коммуналдық кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Бәйтерек» холдингі осындай семинарларды өткізуін жалғастыра отырып, ТМС-қа қаржылық құралдар мен инфрақұрылымды жаңғырту мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынатын болады. Бұл түпкі есепте коммуналдық шаруашылықтың тұрақты дамуына ықпал етеді.
Табиғи монополия субъектілері үшін байланыс ақпараты
Құрметті табиғи монополия саласындағы ұйым өкілдері! Егер сізде іске асыру тетіктері, бизнес-жоспарға қойылатын талаптар, құжаттар тізімі немесе басқа да мәселелер бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:
1. Жекеменшік ТМС үшін:
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
2. Мемлекеттік ТМС үшін:
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ
3. «Бәйтерек» холдингінің байланыстары: