17.03.2022

«Бәйтерек» холдингінің жылдық есебі Қазақстанның қаржы секторындағы үздік есеп деп танылды

«Бәйтерек» холдингінің жылдық есебі Қазақстанның қаржы секторындағы үздік есеп деп танылды

«Бәйтерек» холдингінің 2020 жылғы есептері Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған байқау нәтижесінде бірнеше номинациялар бойынша озып шығып, марапатқа ие болды. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы 15 наурызда өтті.

Холдингтің жылдық есебі «Қаржы секторындағы 2020 жылғы ең үздік жылдық есеп» номинациясында жеңімпаз болды. Ол Қазақстанның негізгі даму институттарының бірі болып табылатын Холдингтің рөлін ашып көрсетеді және оның инфрақұрылымдық жобаларды, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға, халыққа арналған тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз етуге және инновациялық компанияларды венчурлік қаржыландыруға қосқан үлесін егжей-тегжейлі сипаттайды. Есепте COVID-19 пандемиясы кезінде экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар толық баяндалған.

Сонымен қатар, Холдингтің тұрақты дамуы туралы есеп «2020 жылғы тұрақты даму туралы үздік есеп» номинациясында жүлдегер болды. Есепте тұрақты дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық құрамдастары бойынша қызмет нәтижелері көрсетілген.

Екі есеп GRI халықаралық стандарттары мен ақпаратты ашудың үздік тәжірибелері негізінде дайындалған.

Айта кететіні, «Бәйтерек» холдингі жылдық есептер байқауларына белсенді қатысады. Осыған дейін, Холдинг 2021 жылы PWC Kazakhstan жүргізген зерттеу нәтижесінде ESG-ақпаратты ашу деңгейі бойынша Қазақстандағы ең үздік қаржы компаниясы атанды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар