02.07.2024

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы арасында шахматтан турнир өтті

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы арасында шахматтан турнир өтті

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында шахматтан дәстүрлі турнир өткізді. Турнир Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

333333333.png

«Шахмат ой шапшаңдығын дамытып қана қоймай, қызметкерлер арасындағы байланыс пен командалық рухты нығайтады. Бұл зияткерлік спорт түрі Холдинг компаниялары арасында кең танылған. Турнир арқылы қызметкерлер өздерінің стратегиялық дағдылары мен талдау тұрғысынан ойлау қабілетін әділ күресте көрсетуге тамаша мүмкіндік алды», - деп атап өтті  «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин.

44444444.png

Сайысқа 21 адам қатысты. Бас төрешілікке халықаралық гроссмейстер Петр Костенко шақырылды. Турнир жеңімпазы – «Отбасы Банк» АҚ қызметкері Ерқанат Мұсабаев, екінші орынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілі Ренат Медібаев жайғасса, үшінші орын «Отбасы Банк» АҚ-ның тағы бір қызметкері Бекжан Жақыпбековке бұйырды.

555555.png

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар алды


6666666666666.png

7777777777777777.png

888888888888888888.png

99999999999999999.png

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар