Кеңес ал!

16.07.2026

«Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесінің құрамы айқындалды

«Бәйтерек» холдингінің Директорлар кеңесінің құрамы айқындалды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Жалғыз акционері Холдингтің Директорлар кеңесінің құрамын 10 адам болып, үш жыл мерзімге бекітті. Тиісті шешім 2026 жылғы 6 шілдеден бастап күшіне енді.

Директорлар кеңесінің құрамына:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Абайұлы Бектенов;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Серікұлы Байбазаров;
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев;
  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев;
  • «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Тимурұлы Қарағойшин;
  • тәуелсіз директор Фред Зулиу Ху;
  • тәуелсіз директор Януш Валенти Пехочиньский;
  • тәуелсіз директор Чарон Вардини бин Мохзани енді.

Тәуелсіз директорлардың жаңартылған құрамы қаржы саласы, инвестициялық қызмет, мемлекеттік және корпоративтік басқару бағыттарында мол халықаралық тәжірибеге ие. Бұл Холдингті ұлттық инвестициялық холдинг ретінде трансформациялау жөніндегі стратегиялық міндеттерге толық сәйкес келеді. Олардың кәсіби тәжірибесі стратегиялық шешімдерді жан-жақты қабылдауға, инвестициялық жобаларды кешенді бағалауға, тәуекелдерді тиімді басқаруға және корпоративтік басқарудың үздік халықаралық тәжірибелерін енгізуге ықпал етеді.

Доктор Фред Зулиу Ху – Primavera Capital Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы, Басқарма төрағасы әрі бас атқарушы директоры. Бұған дейін Goldman Sachs компаниясының Үлкен Қытай өңірі бойынша серіктесі және төрағасы қызметтерін атқарған, Халықаралық валюта қорында экономист болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда UBS Group AG және Chubb Limited компанияларының директорлар кеңесінің мүшесі.

Януш Валенти Пехочиньский 2012–2015 жылдары Польша Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Экономика министрі болды. Сонымен қатар ол Польша–Азия сауда-өнеркәсіп палатасының негізін қалаушы әрі президенті.

Дато Чарон Вардини бин Мохзани – Export-Import Bank of Malaysia (EXIM Bank) директорлар кеңесінің төрағасы және Syarikat Takaful Malaysia сақтандыру компаниясының төрағасы. Бұған дейін CIMB банк тобында және Малайзияның Khazanah Nasional ұлттық әл-ауқат қорында басшылық қызметтер атқарған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар