19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Біріккен Араб Әмірліктері Орталық банкінің төрағасы Ұлы мәртебелі Халед Мохамед Баламаның басшылығымен Қазақстанға келген БАӘ делегациясымен кездесу өткізді. Екі елдің қаржы саласындағы, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастығының келешегі кездесудің басты тақырыбы болды.
БАӘ делегациясының құрамында Әмірліктердің Орталық банкінің өкілдерімен қоса, мемлекеттік холдингтік компания Mubadala Investment Company және егеменді қор Abu Dhabi Developmental Company өкілдері болды.
Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компанияларының Әмірліктердің мемлекеттік және жеке компанияларымен бірлесіп жұмыс істеуде тәжірибесі мол. Мысалы, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Falah Growth Fund, Kazakhstan Infrastructure Fund C.V. және Abu Dhabi Development Holding Company бірлескен қорлары арқылы Mubadala Investment Company-мен қарым-қатынас орнатқан. Сондай-ақ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «KazakhExport» ЭСК» АҚ-да БАӘ капиталы қатысатын бірнеше жобалар қаралуда.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастық екі елдің экономикасы үшін аса маңызды екендігін атап өтті.