Іс-шара 2023 жылғы 2 наурызда Алматыда өтті.
Кездесуде банктің топ-менеджерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды.
Қанат Шарлапаевқа сервисті жақсарту үшін Отбасы банкі іске қосатын цифрлық құралдар мен жаңа қызметтер туралы айтылды. Мысалы, Отбасы банкінің қызметкерлері кредиттен кейінгі және кредиттік операцияларды әзірлеу кезінде Agile-әдіснаманы белсенді пайдаланады. Бұл жаңа қызметтерді тез және тиімді дамытуға және оларды өмірге енгізуге мүмкіндік береді.
2022 жылдың қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтып берді.
Мысалы, өткен жылы онлайн арналар арқылы клиенттер 3,4 миллион операция жасағанын атап өтті. Бұл ретте Отбасы Банкінің офлайн-бөлімшелеріне өтініштер саны азайды. Қашықтықтан қызмет көрсету арналары арқылы жүргізілген операциялардың үлесі 74% құрады, бұл өз кезегінде офлайн қызмет көрсету арналарына жүктеменің төмендеуіне әсер етті.
Отбасы Банкі ЕДБ арасында алғашқылардың бірі болып Вlockchain технологиясын енгізді. Оның көмегімен клиенттер кепіл шартын қашықтан тіркей алады немесе қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда бұл кепілге ауыртпалықтан бірнеше минут ішінде алып тастай алады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Вlockchain банк клиенттерінің 780 мың сағаттан астам уақытын үнемдеуге және қашықтан сұранысқа ие қызметтерді алуға көмектесті. Бұл опцияны 34 277 адам пайдаланды.
Жаңа технологиялар қысқа мерзімде онлайн режимінде жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасын іске қосуға көмектесті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы жобаның операторы болып Отбасы Банкі тағайындалды. 2022 жылы 38 847 өтінім өңделді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша отбасы Банкі 79 872 қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесті.
Қазіргі уақытта банкте 2 600 814 депозит бар. Жыл басынан бері 78 953 жаңа жинақ шоты ашылды.