Кеңес ал!

26.02.2026

«Бәйтерек» холдингінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

«Бәйтерек» холдингінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

26 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-да Басқарма Төрағасы Рустам Қарагойшинмен кездесу өтті. Жиын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналды. Іс-шараға Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Өз сөзінде Рустам Қарагойшин ағымдағы жылдың 15 наурызында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтетінін атап өтіп, азаматтардың дауыс беруге саналы түрде қатысуының маңыздылығын айтты. Сондай-ақ ол Конституция жобасы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғанын және ел азаматтарының барлығына танысу үшін қолжетімді екенін еске салды.

Холдинг басшысы Мемлекет басшысының 21 қаңтардағы Жарлығымен Конституциялық комиссия құрылғанын жеткізді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, сарапшылық қауымдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтық қоғам өкілдері енген. Рустам Қарагойшин де Комиссия құрамына кіріп, құжат жобасын әзірлеу жұмысына қатысқанын атап өтті.

«Конституциялық комиссияның жұмысына қатысу мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор мәртебе болды. Әрбір ұсыныс мұқият қаралып, азаматтардың бастамалары жан-жақты сарапталды. Біздің мақсатымыз – мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз ететін және қоғамның қазіргі сұраныстарына жауап беретін құжат әзірлеу болды», — деді ол.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, бір палаталы Парламент — Құрылтайды қалыптастыруға, жалпыұлттық диалог алаңы ретінде Халық Кеңесін құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын енгізуге бағытталған негізгі нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар цифрлық ортада адам құқықтарын қорғауды конституциялық деңгейде бекіту және сот төрелігі жүйесіндегі адвокатураның рөлін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жаңа Конституция жобасын әзірлеу үдерісінің ашық әрі жүйелі сипатта өткендігі атап өтілді. Қоғамдық талқылау барысында цифрлық платформалар арқылы шамамен 10 мыңға жуық ұсыныс пен пікір келіп түскен, Комиссия отырыстары ашық форматта көрсетілген.

Іс-шара барысында Холдинг басшысы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, кездесу соңында қызметкерлерді Конституция жобасымен танысып, 15 наурыздағы референдумға қатысуға шақырды. Ол әр азаматтың дауысы елдің болашағына қосылған нақты үлес екенін атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар