25.12.2024

«Бәйтерек» холдингінде қызметкерлерге арналған BLS курсы өтті

«Бәйтерек» холдингінде қызметкерлерге арналған BLS курсы өтті

23 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Heart Center Foundation қоры ұйымдастыруымен ересектерге арналған базалық реанимациялық көмек (BLS) курсы өтті.

Курсты холдинг қызметкерлері үшін ERC (Еуропалық реанимация кеңесі) сертификатталған нұсқаушылары жүргізді.

Бағдарлама жүректің кенеттен тоқтауы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

«Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары әр адам үшін базалық дағдыға айналуы тиіс. Статистика көрсеткендей, егер жүрек тоқтаған кезде жедел жәрдем келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясы жасалса, мұндай жағдайларда өлім-жітім саны екі есе азаяды», – дейді Heart Center Foundation қорының директоры Мұрат Зауыров.

«Мұндай тренингтерді өткізу қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыруға, қауіпсіздік деңгейін көтеруге және төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайын болуға ықпал етеді», – деп атап өтті «Бәйтерек» холдингі аппаратының басшысы Дина Акрачкова.

Анықтама: Heart Center Foundation – Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыратын алғашқы эндаумент-қор. Қор кардиология мен кардиохирургия саласының ұзақ мерзімді дамуына ықпал ететін жобаларды жүзеге асырып, қолдайды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар