Кеңес ал!

29.12.2025

«Бәйтерек» холдингінде Town Hall Meeting форматындағы кездесу өтті

«Бәйтерек» холдингінде Town Hall Meeting форматындағы кездесу өтті

26 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде Холдинг басшылығы мен еншілес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Town Hall Meeting форматындағы ұжымдық кездесу өтті.

Іс-шара Холдингтің 2025 жылғы қызметін қорытындылау, негізгі нәтижелерді талқылау және алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтарды айқындауға арналды. Кездесуге Холдингтің орталық аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиынды Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин ашты. Ол өз сөзінде 2025 жыл экономиканы қолдау көлемі мен Холдингтің инвестициялық модельге көшуі тұрғысынан нәтижелі әрі айқындаушы кезең болғанын атап өтті.

«Биыл қол жеткізген нәтижелер – Холдинг пен еншілес ұйымдар ұжымының жүйелі, кәсіби және командалық жұмысының жемісі. Бүгінде «Бәйтерек» холдингі нақты секторды қолдауға, ірі жобаларды іске қосуға және экономикаға ұзақмерзімді капитал тартуға бағытталған инвестициялық холдинг ретіндегі рөлін кезең-кезеңімен күшейтіп келеді», – деп атап өтті ол.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді, экспорттық жобаларды және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру бағыттары бойынша негізгі қорытындылар, сондай-ақ кепілдік тетіктерін дамыту мен инвестициялық портфельді қалыптастыру жөніндегі іске асырылып жатқан шаралар таныстырылды.

Сонымен қатар Холдингті проактивті инвестициялық холдингке трансформациялау, стратегиялық жобаларды сүйемелдеудің бірыңғай тәсілін қалыптастыру және қаржы институттарымен әрі өңірлермен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Town Hall Meeting аясында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қызметкерлер Холдинг басшылығына тікелей сауал қойып, қызметтің өзекті бағыттары бойынша пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесуді қорытындылай келе, Басқарма төрағасы ұжымға атқарылған жұмыс пен ортақ нәтижелерге қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы стратегиялық міндеттерді іске асырудағы командалық жұмыс пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар