19.12.2024
- Холдинг туралы
Бүгін «Бәйтерек» холдингінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтіп, онда Холдинг пен еншілес ұйымдардың 60-тан астам қызметкері түрлі наградалармен марапатталды.
Іс-шара Мемлекеттік әнұранмен басталды. Оның барысында Холдинг Басқармасының төрағасы Айдар Әріпханов ұжымға құттықтап сөз сөйледі.
- Тарих үшін осындай аз уақыт ішінде бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан халқы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен демократиялы, құқықтық және экономикалық тәуелсіз мемлекет құра алды. Бұл жылдар қиындықтарға толы болса да, олар еңсеріліп, тәуелсіз ел тарихының беттері жетістіктермен толықты. Бүгінде бұл нәтижелі жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сабақтасқан саясатымен жалғасын табуда. Қазақстанның отыз жылдағы дамуы мен қалыптасуын қорытындылай келе, еліміздің үлкен биіктерге қол жеткезгенін мақтанышпен айта аламыз. Алайда, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда асқақ жоспарлар мен үлкен міндеттер күтіп тұр, - деді Айдар Әріпханов.
Президенттің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының төрт қызметкері марапатталды:
- Шамшин Арман Нұржанұлы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры;
- Тұрғанова Майра Дүйсенбайқызы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік хатшы қызметінің басшысы;
- Искаков Руслан Викторович – «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы;
- Бөрібаева Гаухар Асылбекқызы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
Іс-шара барысында Айдар Әріпханов Холдингтің және еншілес ұйымдардың 22 қызметкеріне «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті:
- Акрачкова Дина Викторовна – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Аппарат басшысы;
- Сон Вячеслав Владимирович – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры;
- Қасенов Мақсұт Маратұлы – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры;
- Наджаров Аслан Тофикович – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Ауыл шаруашылығы активтерін басқару департаментінің бас менеджері;
- Аубакиров Думан Бауыржанұлы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- Байбазаров Нұрлан Серікұлы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы;
- Жолат Ерболат Бауыржанұлы – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарушы директоры;
- Ансағанова Жанат Жұмабекқызы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің директоры;
- Есқараева Ақмарал Едігеқызы – «Отбасы банк» АҚ Ауалдық мониторинг департаментінің директоры;
- Жапарқұлова Гүлнар Жалғасбекқызы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызметкерлерді дамыту департаментінің менеджері;
- Шуиншалин Нұрлан Мұратқызы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің директоры;
- Көпжасарова Раушан Абдренбайқызы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері;
- Шакирова Мунавар Басариевна – «Отбасы банк» АҚ Бухгалтерлік есеп департаментінің бірінші санатты маманы;
- Қасымов Рашит Биғалымұлы – «Отбасы банк» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының логисті;
- Түктібаев Ерлан Кеңесұлы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалының директоры;
- Абдрахманов Марат Мұратұлы – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Жылжымайтын мүлік департаментінің бас маманы;
- Құсаинова Айманат Көбенқызы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Кредит департаментінің менеджері;
- Еламан Мақсат – «Kazakhstan Project Preapation Fund» ЖШС МЖӘ жобалары департаментінің жоба менеджері;
- Әділбекова Алмагүл Дәрібайқызы – «Baiterek Venture Fund» АҚ бас бухгалтері;
- Әміреева Гүлмира Күлтайқызы – «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ Қоғаммен байланыс және корпоративтік өзара іс-қимыл қызметі басшысының орынбасары;
- Жүсіпов Мажит Ғалымжаұлы – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- Садықов Асқат Сақыпжанұлы – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Тәуекелдерді басқару департаментінің директоры.
- Мен үшін бұл марапат – алдағы биік белестер мен жетістіктерге ынталандыратын фактор. Менің ойымша, Холдинг еліміздің дамуы мен гүлденуіне үлкен үлес қосып келеді. Бұл – ірі, орта және шағын бизнесті қолдауға, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған негізгі даму институты. Биыл бізге аграрлық сектордағы компаниялар қосылып, жауапкершілік артты. Енді ауыл шаруашылығын қолдау бағытында да жұмыс істейтін боламыз. Холдинг қызметі барысында елеулі жетістіктерге жетті деп ойлаймын, - деп, ойымен бөлісті Дина Акрачкова.
Сонымен қатар, 11 қызметкер ҚР Премьер-Министрінің алғыс хатымен, екеуі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, 10 қызметкер ҚР Ұлттық экономика министрінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.
Марапатталғандардың арасында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Клиенттермен жұмыс жүргізу дирекциясының аға банкирі Әсем Шакенова бар. Ол компанияда көлік, логистика және байланыс салаларына жетекшілік етіп, 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
- Менің ойымша, бұл 10 жылдық адал еңбегімнің жемісі. Қазақстанның Даму Банкінің қызметкері ретінде жобаларды құрылымдау және қаржыландыру арқылы экономиканың дамуына өзімнің азғантай үлесімді қосқым келеді. Әр күн – бұл жаңа міндет, жаңа жетістіктер, өз қабілетіңді көрсету мүмкіндігі, - деп атап өтті Әсем Шәкенова.