Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.09.2023

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау жұмыстары ҚазАгроҚаржы СК Агро 2050 ЖШС- мен серіктестікте

09.04.2022

«Бәйтерек» холдингінде Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу болып өтті

«Бәйтерек» холдингінде Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу болып өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Президенттік жастар кадрлық резервінің (ПЖКР) мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуге сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов, сондай-ақ Холдингтің сегіз еншілес ұйымының басшылығы қатысты.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық экономика министрлігінде (ҰЭМ) және ведомстволық бағынысты ұйымдарда 18 резервші жұмыс істейді.

- Біздің министрлік мемлекеттік органдар арасында ПЖКР мүшелерін жұмысқа орналастыру бойынша көшбасшы болып отыр. Жалпы, біздің жұмысымыз ашықтық және жаңа қағидаттар негізінде құрылады. «Бәйтерек» холдингі меритократия қағидатын ұстанатынына және кадрларды іріктеуге сапалы қарайтынына назар аударғым келеді, - деп атап өтті министр резервшілер алдында сөйлеген сөзінде.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингі ПЖКР-ге іріктеліп алынған жастардың әлеуетін жоғары бағалайтынын атап өтті.

- Біз кадрлық процесті транспаренттілік қағидаттарының шеңберінде ашық жүргізетін боламыз, барлық қатысушылар үшін мүмкіндігінше тең жағдайларды қамтамасыз етуге тырысамыз, бірақ бұл ретте, әрине, ПЖКР үлкен басымдыққа ие, - деп Холдинг басшысы өз сөзін жалғастырды.

Ask_21-14.jpg

Кездесу барысында кадрлық резервшілер экономика салаларын дамыту бойынша өз ұсыныстарымен сөз сөйледі, Министрлік пен Холдинг басшыларына сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар