19.12.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 30 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Іс-шарада холдинг қызметінің өткен жылғы негізгі нәтижелері және ағымдағы жылға арналған стратегиялық бағыттары талқыланды.
Отырыста холдингтің және оның еншілес компанияларының, оның ішінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қызметі туралы баяндамалар тыңдалды. Ұсынылған деректерге сәйкес, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ШОБ-ты қаржыландыруда, тұрғын үйді іске қосу көлемінің ұлғаюында және таза пайданың 24%-ға өсуімен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 42 жоба бойынша 748 млрд теңге сомасына қаржыландырды, бұл банктің активтерін ұлғайтуға және капиталдандыруға ықпал етті. Өз кезегінде, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШОБ-ты қолдаудың қаржылық бағдарламаларын сәтті жүзеге асырып, жалпы сомасы 1 556 млрд теңгеге 23,9 мың жобаға қолдау көрсетті. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ абсолютті тарихи максимумды белгілей отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін рекордтық 554,7 млрд теңгеге қаржы бергенін атап өткен жөн.
«2023 жылдың нәтижелері Қазақстан экономикасының негізгі секторларын тұрақты дамыту мен қолдауға біздің міндеттемеміздің айғағы. Біз өз жұмысымызда инновациялық және цифрлық шешімдерді жандандыра отырып, клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», - деп атап өтті холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Ерсайын Хамитов.
Отырыста экспорттық әлеуетті одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау және процестерді ауқымды цифрландыруды қоса алғанда, 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.