27.04.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
27 сәуірде «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-да қызметкерлерге арналған семинар өтіп, онда 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелері түсіндірілді.
Бұл іс-шара Холдинг пен оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ конституциялық өзгерістердің негізгі мазмұнын және оларды кәсіби қызметте қолдану тетіктерін түсіндіруге бағытталды.
Спикер ретінде Еуразия ұлттық университеті Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Конституциядағы негізгі жаңашылдықтарды, олардың елдің құқықтық жүйесін дамытудағы маңызын, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік институттардың оларды тиімді іске асырудағы рөлін жан-жақты атап өтті.
«Жаңартылған Конституцияны қабылдау - елдің құқықтық жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі. Бүгінде мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері оның нормаларын тек біліп қана қоймай, олардың практикалық мәнін де терең түсінуі аса маңызды. Бұл жұмыстың сапасы мемлекеттік бастамалардың тиімді жүзеге асыруына және қоғам сенімінің деңгейіне тікелей әсер етеді», - деді ол.
Холдингте мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екені атап өтілді. Алдағы уақытта еншілес компанияларда да жетекші сарапшылар мен ғылыми қауымдастық өкілдерін тарта отырып, осындай оқыту семинарларын өткізу жалғасады.