01.12.2022
«Бәйтерек» холдингі Жапониядағы Орталық Азия инвестициялық форумына қатысты
1 желтоқсанда Токио қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен қазақстандық делегацияның қатысуымен Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия инвестициялық форумы болып өтті. Делегация құрамына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов қатысты.
ЕҚДБ форумы шеңберінде Н. Айдапкелов «Орталық Азия, Моңғолия және Жапония саудасы мен жеткізушілерін қаржыландыру» сараптамалық сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі. Сессия барысында Орталық Азия мен Моңғолия өңіріне сауда мен инвестицияларды кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
«Бәйтерек холдингі отандық экономиканы дамыту бойынша жетекші халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ниетті. Холдинг сыртқы және ішкі инвестициялар нарығында белсенді ойыншы болып табылады», - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.
Сонымен қатар, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Japan Bank for International Cooperation энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі Қаржы тобының Бас атқарушы директоры Ютака Инабамен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар қолдаудың қаржы құралдарын пайдалану және өзара тиімді жобаларды әлеуетті іске асыру мәселелерін талқылады.
Осылайша, JBIC-пен әлеуетті қоса қаржыландыру тұрғысынан Холдингтің еншілес ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-мен ынтымақтастық мүмкіндігі қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша жапон тарапы бизнес диалогты жалғастыру үшін Қазақстанға шақырылды.
Анықтама үшін: Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (Japan Bank for International Cooperation, JBIC) 1999 жылғы қазанда Жапонияның экспорттық-импорттық банкі (Эксимбанк) мен Халықаралық экономикалық ынтымақтастық қорын (ХЭЫҚ) біріктіру жолымен құрылды.
Қосымша жаңалықтар