19.09.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Астанада «Forum 360: командаға қамқорлық – табысқа инвестиция» форумы өтті. Іс-шарада корпоративтік тәжірибелерді дамыту мен қызметкерлерді қолдаудың заманауи тәсілдері талқыланды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Жандос Шайхы Холдингтің қазақстандық компанияларға әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға және қызметкерлерді қолдауға мүмкіндік беретін қаржылық құралдарды жүйелі түрде енгізіп отырғанын атап өтті.
«Бүгінгі таңда «Отбасы банк» ұсынған «Корпоративтік» өнімінің арқасында өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүздеген қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да салалар өкілдері баспаналы болу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – бизнес пен мемлекеттік институттардың әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуде күш біріктіруінің нақты үлгісі», – деп атап өтті Жандос Шайхы.
«Отбасы банк» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) әзірлеген «Корпоративтік» өнімі жұмыс берушілер мен банк арасындағы ынтымақтастықтың икемді нұсқаларын қарастырады. Олардың ішінде:
Бағдарлама аясында қазақстандық кәсіпорындар өз қызметкерлерін несиелендіруге 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Форумда сондай-ақ «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мен банктің Орталық филиалының директоры Жанар Изимбетова сөз сөйлеп, бағдарламаны жүзеге асыру тәжірибесімен және оны кеңейту жоспарларымен бөлісті. Бұдан бөлек, HR, салық саласы, цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жетекші сарапшылар корпоративтік мәдениеттің даму перспективаларын және бизнеске арналған жаңа құралдарды талқылады.