Кеңес ал!

27.03.2026

«Бәйтерек» холдингі Қытайдың жетекші компанияларымен бірқатар келіссөздер жүргізді

«Бәйтерек» холдингі Қытайдың жетекші компанияларымен бірқатар келіссөздер жүргізді

22-26 наурызда «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған делегация құрамында Боао Азия форумының жыл сайынғы 25-сессиясына қатысты.

Форумның мерейтойлық сессиясы «Ортақ болашақты құру: жаңа үрдістер, жаңа мүмкіндіктер, жаңа ынтымақтастық» ұранымен 24-27 наурызда Боао қаласында өтті (провинция Хайнань). Іс-шараға Сингапур Премьер-Министрі Лоуренс Вонг, Әзербайжан Республикасының Милли Мәжілісінің төрағасы Сабига Гафарова, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы Парламентінің спикері Джагат Викрамаратне, Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи, сондай-ақ әлемнің 60-тан астам елдері мен аймақтарының жоғары өкілдері қатысты.

«Боао форумы қытайлық компаниялардың қатысуымен ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды талқылауға мүмкіндік берді. Қазақстан Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия тоғысындағы инвестициялық платформа ретінде әлеуеті айтарлықтай, бұл тұста Холдингтің міндеті – осы жобаларды қаржылай қолдауды қамтамасыз ету», - деп атап өтті Тимур Онжанов.

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар ортақ бастамаларды жалғастырып, инвестициялық жобаларды құрылымдауды және даму институттарының қатысуымен оларды қаржыландыру тетіктерін айқындауды пысықтауға уағдаласты. «Бәйтерек» холдингі шетелдік әріптестерді тарту, Қазақстанның өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық базасын дамытуға бағытталған жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар