Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

23.10.2026

«Бәйтерек» холдингі ШҚО-да тамақ өнеркәсібін қолдау шараларын талқылауға қатысты

Кеңес ал!

23.10.2026

«Бәйтерек» холдингі Ыстанбұлда Қазақстан жобаларына халықаралық капитал тарту тәсілдерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Ыстанбұлда Қазақстан жобаларына халықаралық капитал тарту тәсілдерін таныстырды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов 22–23 қазанда Ыстанбұлда өтіп жатқан XIX Верона Еуразиялық экономикалық форумына қатысты. «Еуразияның орталығындағы қаржы нарықтары» панельдік сессиясында ол Холдингтің трансшекаралық қаржыландыруды дамыту және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту тәсілдерін таныстырды.

Форум әлемдік экономикадағы өзгерістерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, қаржы институттары мен бизнес өкілдерінің басын қосты. Қаржы сессиясында ұзақ мерзімді капитал тарту, нарықтардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Тимур Онжанов Холдингтің трансформациясы және стратегиялық серіктестердің қатысуымен инвестициялық жобаларды белсенді қалыптастыруға көшуі туралы баяндады. 2026 жылы Холдингтің компаниялар тобы экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемін 8 трлн теңгеге жеткізуді көздеп отыр.

«Біз қаржыландыру ұсынып қана қоймай, сапалы инвестициялық портфель қалыптастыруға, жобаларды құрылымдауға және халықаралық инвесторлардың қатысуына жағдай жасауға ұмтыламыз. Мемлекеттік капитал нарықтық тетіктерді алмастырмай, жеке инвестицияларды тартуға серпін беруі тиіс», - деді ол.

Халықаралық қаржыландыру көздерін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Биыл Холдинг АҚШ, Еуропа және Азия инвесторларының қатысуымен 500 млн АҚШ доллары көлемінде жеті жылдық еурооблигациялар орналастырды. Қазақстанның Даму Банкі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы ынтымақтастық аясында еліміздің жол инфрақұрылымына 100 млн еуро бағытталды. Сондай-ақ юаньмен номинацияланған облигациялар нарығына шығу мүмкіндігі пысықталуда.

Тимур Онжанов алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде өнеркәсіп, энергетика және логистика салаларын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды бірлесіп қаржыландыруды атап өтті. Кепілдік беру, экспорттық сақтандыру және қаржы институттары арасында тәуекелдерді бөлу құралдары мұндай жобаларға жеке капиталдың қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Қаржылық өзара іс-қимылдың тиімділігі тартылған капитал көлемімен ғана емес, іске асырылған жобалар, құрылған өндірістер және жаңа экономикалық мүмкіндіктер санымен де бағалануы тиіс. Біздің ортақ міндетіміз - Еуразиядағы қаржылық байланыстарды экономикалық өсудің, өнеркәсіпті дамытудың және ұзақ мерзімді серіктестіктің нақты көзіне айналдыру», - деп атап өтті Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары.

Осы тұрғыда Түркиямен ынтымақтастықтың маңызы зор. Биылғы мамырда түрік серіктестерімен қол қойылған меморандумдар мұнай өңдеу және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды дамытуды көздейді. Инфрақұрылым, логистика, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы серіктестікті одан әрі кеңейту технологиялар тартуға және Қазақстанда қосылған құны жоғары өндірістер құруға ықпал етуге бағытталған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар