03.04.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Украинаның жетекші өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Делегация құрамына Украина жұмыс берушілер федерациясының өкілдері, сондай-ақ машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, энергетика және өнеркәсіптік жабдықтар салаларындағы оннан астам ірі кәсіпорын кірді. Олардың қатарында астықты сақтау және өңдеу шешімдерін, электр техникасын, гидравликаны, сондай-ақ тау-кен және қайта өңдеу салаларына арналған жабдықтарды өндірушілер бар.
Кездесу барысында тараптар инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, қазақстандық жобаларға украиналық компаниялардың қатысу мүмкіндіктерін, сондай-ақ өндірістерді жергіліктендіру мәселелерін талқылады.
Холдингтің еншілес ұйымдарының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қаржыландыру тетіктері, кәсіпкерлікті қолдау және экспортты дамыту құралдары, соның ішінде «Даму» қоры, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі және басқа да даму институттары арқылы жүзеге асырылатын мүмкіндіктер қарастырылды.
Сондай-ақ өңіраралық кооперация, технологиялар трансфері және қазақстандық және украиналық кәсіпорындардың қатысуымен тұрақты өндірістік тізбектер қалыптастыру мәселелері қозғалды.
«Украиналық компаниялармен кооперацияны дамыту индустриялық өсім үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Біз Қазақстанда бірлескен өндірістерді іске қосуға мүдделіміз және технологияларды енгізуге, сондай-ақ бизнестің экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдауға дайынбыз», – деп атап өтті Жандос Шайхы.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нақты бастамаларды бірлесіп пысықтауға дайын екендерін растады және өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Келесі кездесу 1–3 сәуір аралығында Астанада өтетін «Kazakhstan Machinery Fair 2026» халықаралық көрмесі аясында жоспарланып отыр.