Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А Экран дикторы

19.11.2024

«Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне Ұлттық валюта күніне орай марапаттар табысталды

01.11.2024

«Бәйтерек» холдингі Turkistan Investment and Tourism Forum 2024 халықаралық инвестициялық форумына қатысты

«Бәйтерек» холдингі Turkistan Investment and Tourism Forum 2024 халықаралық инвестициялық форумына қатысты

2024 жылғы 31 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерсайын Хамитов Түркістан қаласындағы «Turkistan Investment and Tourism Forum 2024» халықаралық инвестициялық форумында «Өңдеу және өнеркәсіп саласындағы Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығы» панельдік сессиясына қатысты. Іс-шараға Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары мен стратегияларын талқылау мақсатында бизнес, мемлекеттік органдар, инвесторлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Панельдік сессия Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастықтың стратегиялық перспективаларына арналды. Спикерлер арасында Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары Нұралхан Көшеров пен Нұрбол Тұрашбеков, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Чайжунусов, «Kazakh Invest» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік директоры Мақсат Жулдасбеков сөз сөйлеп, CCPIT өкілі Чэнь Хунцян Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлерінің табысты кейстерімен бөлісті.

Ерсайын Хамитов Түркістан облысының қытайлық серіктестермен перспективалық даму және ынтымақтастық орталығы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестік екі елдің тұрақты экономикалық өсуіне негіз болады. Біздің ынтымақтастығымыз жаңа ресурстарға қол жеткізіп, бизнестің дамуын ынталандырады, жұмыс орындарын ашады және өңірлердің әл-ауқатына ықпал етеді», - деп атап өтті Хамитов өз сөзінде.

Turkistan Investment and Tourism Forum 2024 Қазақстан-Қытай әріптестігін нығайтуға, сондай-ақ Түркістан облысына жаңа инвестициялар тартуға бағытталған идеялармен алмасу және шешімдер әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.

Анықтамалық ақпарат: Turkistan Investment and Tourism Forum 2024 - шетелдік инвесторларды тартуға және Түркістан облысының шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайтуға бағытталған халықаралық форум. Биыл форумға қатысушылар арасында Қытайдан 120-дан астам компания және 100-ден астам ірі қазақстандық кәсіпорындар ұсынылды.

Іс-шараға Холдингтің басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағаларының орынбасарлары Айдын Досқараев пен Еркебұлан Жұмжаев, сондай-ақ «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасының инвестициялық қызмет жөніндегі орынбасары Ержанов Ғаббас Ғалымбекұлы қатысты.



Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар