Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

24.04.2025

«Бәйтерек» холдингі ТКШ саласын жаңғырту ұлттық жобасы аясында қаржыландыру тетіктерін таныстырды

Кеңес ал!

24.04.2025

«Бәйтерек» холдингі ТКШ саласын жаңғырту ұлттық жобасы аясында қаржыландыру тетіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі ТКШ саласын жаңғырту ұлттық жобасы аясында қаржыландыру тетіктерін таныстырды

23 сәуір күні «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева Kazakhstan Machinery Fair көрмесі аясында өткен елді мекендердегі сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту мәселелеріне арналған республикалық кеңес отырысына қатысты. Іс-шара барысында ол «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберіндегі қаржыландыру механизмдері мен коммуналдық кәсіпорындардың қатысу шарттары туралы баяндады.

Ұлттық жобаның жалпы құны – 13 трлн теңге, ол бес жыл ішінде іске асырылады, қаржыландыру жоспары жеті жылға есептелген. Жыл сайын коммуналдық инфрақұрылымды қолдауға 300-ден 800 млрд теңгеге дейін қаржы бағытталады. Бұл қаражат мемлекеттік займдар, екінші деңгейлі банктер және «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіретін Қазақстанның даму банкі арқылы бөлінеді. Айта кетейік, Холдинг ұлттық жобаның қаржылық операторы болып табылады.

Жоба аясындағы қаржыландыру тек қайтарымды негізде жүзеге асырылады. Жеке меншік табиғи монополия субъектілері тікелей несие алу механизмін пайдаланады, ал мемлекеттік субъектілер әкімдіктер арқылы қаржыландырылады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме тариф есебінен жабылады, тариф жетпеген жағдайда бюджеттен субсидиялау қарастырылған.

«Қазіргі уақытта Мәжілісте табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы тартылған займдар шығындарын мемлекеттік органдар тарапынан субсидиялау құзыретін беруге қатысты түзетулер қарастырылуда. Бұл түзетулер ағымдағы жылдың жазында бекітіледі деп күтілуде, ал қаражат бюджет рәсімдеріне сәйкес 2026 жылдан бастап беріле бастайды», – деп атап өтті Әлия Мырзағалиева.

Ұлттық жобаға қатысушыларды іріктеуде жобалардың цифрландыруды арттыруға, қаржылық көрсеткіштерді және кәсіпорындардың операциялық тиімділігін жақсартуға бағытталған тиімділігі мен табыстылығы басты критерий болады. Сондай-ақ қаржыландыру көлемі, абоненттер саны, желілердің автоматтандырылу деңгейі, шығындарды азайту шаралары, төлемдерді жинау көрсеткіші және кәсіпорынның қаржылық жағдайы ескеріледі.

«Қаржыландыру ішкі капитал нарығы көздерінен жүзеге асады, субсидияны қоспағанда, барлық қаражат қайтарымды. Базалық мөлшерлеменің өсуін ескере отырып, қазір инфляция деңгейінде займдар тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар субсидия көлемін азайтып, қысқа мерзімді – 5-7 жылдық займдарды көбірек пайдалану міндеті қойылды», – деді Холдингтің басқарушы директоры.

Жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Ұлттық жобаға салынған 13 трлн теңге 20 жыл ішінде тұтынушылар, яғни жеке және заңды тұлғалар есебінен қайтарылады. Банктер жобаларға қатысушылардан кемінде 10% көлемінде жеке қаражат пен кепілдік қамтамасыз етуді талап етеді. Холдинг кепілдік мөлшерін 30-40% деңгейінен асырмауға тырысуда.

«Тұңғыш рет коммуналдық салаға осындай ауқымды ресурстар бөлініп отыр. Біздің алдымызда бес жыл ішінде коммуналдық кәсіпорындарды «қызыл аймақтан» шығарып, инфрақұрылымның қауіпсіздігін арттырып, тұтынушыларды үздіксіз қызметпен қамтамасыз ету міндеті тұр. Мемлекет пен бизнестің бірлескен күшімен тұрақты, сенімді әрі экологиялық қауіпсіз өмір сүру жүйесін құруға мүмкіндігіміз бар», – деді Әлия Ерболатқызы.

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы ҚР Үкіметімен 2024 жылдың желтоқсанында бекітілді, жүзеге асыру мерзімі – 2025-2029 жылдар. Жобаның мақсаты – инфрақұрылым тозуын және апаттар санын 20-40%-ға төмендету арқылы елдегі коммуналдық және энергетикалық жүйелердің сенімділігін арттыру.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар