25.11.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2025 жылғы 21 қарашада Холдингте Қазақстан корпоративтік хатшылары күніне орай корпоративтік хатшылардың кездесуі өтті. Іс-шараны Корпоративтік хатшы қызметі ұйымдастырды, спикер ретінде корпоративтік қаржы департаментінің директоры Даурен Закумбаев қатысты. Тақырып Холдингтің инвестиция тартудағы проактивті рөлін ескере отырып айқындалды.
Кездесуде қатысушылар бағалы қағаздарды дайындау және орналастырудың толық циклімен— қаржыландыру қажеттілігін анықтау мен корпоративтік шешімдерді келісуден бастап тіркеу, орналастыру және ақпаратты жариялауға дейін танысты. Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен өзара іс-қимыл мәселелері, KASE «is2in» жүйесіне және Қаржылық есептілікті депозитарийіне ақпарат орналастыру талаптары талқыланды.
Бөлек бөлімде ESG-облигацияларды шығару ерекшеліктері, оның ішінде тәуелсіз сыртқы бағалау (SPO) алу және жыл сайынғы есептілік қалыптастыру міндеттемелері қарастырылды. Холдинг БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы 17 мақсатының 15-ін қолдайтыны атап өтілді, бұл холдингтің компаниялар тобы ішінде «жасыл», әлеуметтік және тұрақты қаржы құралдарының дамуына ықпал етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша корпоративтік хатшылар ақпаратты ашу талаптары мен корпоративтік рәсімдерді сақтау бойынша тәжірибе алмасты. Мұндай кездесулер корпоративтік хатшылардың кәсіби біліктілігін арттырып, еншілес ұйымдардағы корпоративтік басқаруды нығайтуға мүмкіндік береді.