07.09.2022

«Бәйтерек» холдингі «Тіл шебері» байқауын өткізді

«Бәйтерек» холдингі «Тіл шебері» байқауын өткізді

Қазақстан халқы тілдері күнін және ұлт ұстазы, ағартушы, тілтанушы, әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында «Бәйтерек» холдингі «Тіл шебері» байқауын өткізді. Онда Холдинг пен еншілес ұйымдардың 11 қызметкері бақтарын сынады. 3 кезеңнен тұрған сайыс барысында қатысушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі сыналды. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбектеріне байланысты тапсырмаларды орындап, шығармашылық қырларын танытты.

Рисунок2.jpg

Білікті мамандардан құралған қазылар алқасы сайыскерлерге әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ комплаенс қызметінің маманы Сәкенов Сағидолла Ерсайынұлы 1-орын, «KazakhExport» экспорттық-сақтандыру компаниясы» АҚ халықаралық ынтымақтастық менеджері Сакиров Ислам Ибраевич 2-орын, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ әкімшілік департаменттің маманы Мырзекенова Айнұр Тұрланқызы 3-орын иеленді.

Рисунок3.jpgРисунок4.jpg

Жүлдегерлер Дипломмен, ал қалған қатысушылар Басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар