Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

27.06.2025

«Бәйтерек» холдингі тұрақты даму мәселелерін ірі институционалдық инвесторлармен талқылады

Кеңес ал!

27.06.2025

«Бәйтерек» холдингі тұрақты даму мәселелерін ірі институционалдық инвесторлармен талқылады

«Бәйтерек» холдингі тұрақты даму мәселелерін ірі институционалдық инвесторлармен талқылады

2025 жылғы 25 маусымда Ұлыбритания астанасында климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі Лондон апталығы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжановтың Goldman Sachs Asset Management, BlackRock, FinDev Canada, Wellington, State Street, Rabobank, Western Asset Management Company Limited, CDPQ және басқа да жетекші институционалдық инвесторлардың өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Бәйтерек» холдингі мен J.P. Morgan DFI бірлесіп дайындаған тұрақты дамуға ықпал ету туралы ақпаратты ашу жөніндегі құжат (Sustainable Development Impact Disclosure) талқыланды.

Тимур Онжановтың айтуынша, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) Холдингтің стратегиялық күн тәртібінде маңызды орын алады және оның қызметінің басым бағыттарын айқындауда бағдар ретінде қызмет етеді. Холдинг жыл сайын кәсіпкерлікті дамытуға, өнеркәсіпке қолдау көрсетуге, жұмыс орындарын ашуға, «жасыл» экономиканы ілгерілетуге және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асыру арқылы ТДМ-ға елеулі үлес қосып келеді.

Сондай-ақ, Холдинг өз қызметіне сәйкес келетін әрбір ТДМ бойынша жыл сайын деректер жинап отырады. Диалог барысында Холдинг өкілдері тұрақты даму саласындағы қызметке қатысты инвесторлардың сұрақтарына жауап берді. Инвесторлар атқарылған жұмысты жоғары бағалап, бірқатар ұсынымдар беріп, алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар