Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

01.08.2025

«Бәйтерек» холдингінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша брифинг өтті

Кеңес ал!

31.07.2025

«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясындағы міндеттерді жүзеге асыруды жалғастыруда

«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясындағы міндеттерді жүзеге асыруды жалғастыруда

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту арқылы коммуналдық қызметтердің сенімділігі мен сапасын арттыру және елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету.

Ұлттық жоба ескі инженерлік желілерді жаңғыртуды, тозған жабдықтарды ауыстыруды, цифрлық және энергия үнемдеуші технологияларды енгізуді, сондай-ақ инфрақұрылымға отандық және шетелдік инвестицияларды тартуды қамтитын кешенді тәсілді көздейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы Ұлттық жобаның қаржылық операторы ретінде айқындалған «Бәйтерек» холдингі жоба шеңберінде бірқатар қаржылық тетіктерді іске асыруды қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, жеке табиғи монополия субъектілерін тікелей қаржыландыру «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, екінші деңгейдегі банктер және халықаралық қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Ал коммуналдық және квазимемлекеттік секторға жататын табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу жолымен іске асырылады.

Ұлттық жобаны іске асыру аясында Холдинг бірқатар ақпараттық-түсіндіру және оқыту шараларын, сондай-ақ жобаны жүзеге асырудың қаржылық құралдары мен тетіктері бойынша мамандандырылған семинарларды ұйымдастырды. Бұл іс-шаралар еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

2024 жылғы шілде айында Мемлекет басшысы «Астана қаласы мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң жобаның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген болатын.

Қазіргі уақытта Ұлттық жобаны іске асыруды реттейтін ведомствоаралық бірлескен нормативтік-құқықтық актілерді келісу және Бірыңғай электрондық сатып алу платформасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл платформа жобаларды іске асырудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Онда өтінім қабылдау, электрондық сатып алуды өткізу және жобалардың іске асырылуын мониторингтеу мүмкіндігі көзделген.

Электрондық платформа толық іске қосылғанға дейін, Холдинг уақытша шешім ретінде bgov.kz платформасында онлайн-сервисті іске қосты. Бұл сервис табиғи монополия субъектілеріне қаржыландыруға өтінім беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Холдингке табиғи монополия субъектілерінен жалпы сомасы 182,8 млрд теңгені құрайтын 28 өтінім келіп түсті. Бұл өтінімдер қарау үшін еншілес ұйымдарға жолданды.

Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде коммуналдық желілердегі апаттар деңгейін 20%-ға төмендету және инфрақұрылымның жалпы тозу деңгейін 40%-ға дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар