30.04.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым 2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Сеул қаласында (Корея Республикасы) өткен State-Owned Enterprises (SOE) Global Conference мемлекеттік кәсіпорындарын дамыту және реформалау мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.
Іс-шара Дүниежүзілік банктің, Корея Республикасы Үкіметінің және жетекші халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ұйымдастырылып, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік компаниялардың, ұлттық холдингтердің өкілдерін және Еуропа, Азия және Африка сарапшыларын біріктірді. Мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау, корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру және инвестициялар тарту мәселелеріне басты назар аударылды.
Усен Галым выступил в рамках сессии Building Effective SOE Boards and Leadership, где были представлены подходы различных стран к формированию эффективных советов директоров и систем управления.
Ол «Бәйтерек» холдингінің стратегиялық инвесторға айналуы және жаңа инвестициялық модельдің негізгі элементтері туралы айтты. Холдинг капиталды тартуға және экономиканың басым салаларын дамытуға бағытталған бірыңғай инвестициялық экожүйені қалыптастыратыны атап өтілді.
«Холдингтің ағымдағы трансформациясы құрылымдаудан бастап халықаралық капиталды тартуға дейінгі барлық кезеңдерде ауқымды жобаларды іріктеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті толыққанды инвестициялық платформаны қалыптастыруға бағытталған. Инвестициялық шешімдердің сапасына, процестердің ашықтығына және жаһандық капитал нарықтарына интеграцияға басты назар аударылады», - деді ол.
Трансформация мәселелерімен қатар, сөз сөйлеу барысында тәуелсіз директорлардың қатысуымен модельді енгізуді, директорлар кеңесі комитеттерінің жұмыс істеуін және тиімділікке тұрақты сыртқы бағалауды жүргізуді қоса алғанда, Холдингтің корпоративтік басқару жүйесін дамытуға көзқарастары ұсынылды.
Сапар шеңберінде делегациясы білім алмасу және даму орталығына (KDI Global Knowledge Exchange and Development Center) барып, Корея Республикасының Экономикалық даму тәжірибесімен және экономиканы индустрияландыру мен құрылымдық трансформациялаудағы мемлекеттік кәсіпорындардың рөлімен танысты.
Сонымен қатар, конференция алаңында «Бәйтерек» Холдингі Қытайдың, Бразилияның, Вьетнамның, Әзірбайжанның және басқа да елдердің холдингтік және мемлекеттік компанияларының басқару тиімділігін арттыру және инвестициялар тарту бөлігіндегі тәжірибесін зерделеді.
Конференцияға қатысу Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау тәсілдерін халықаралық қоғамдастыққа ұсынуға, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен және инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.