04.02.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Холдингтің инвестициялық холдингке трансформациялануы және жүргізіліп жатқан ребрендинг аясында еншілес және тәуелді ұйымдардың жаңартылған логотиптері бекітілгенін хабарлайды.
Логотиптерді жаңарту Холдинг пен оның даму институттарын тұтас қабылдауды қамтамасыз етуге, «Бәйтерек» брендінің танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ бизнес, инвесторлар мен серіктестер үшін қаржылық және инвестициялық құралдар жүйесінде бағдарлауды жеңілдетуге бағытталған. Бірыңғай визуалды тәсіл Холдинг қызметінің ортақ қағидаттарын - инвестициялық жобаларды қолдау мен экономиканың басым салаларын дамытуға бағытталған миссиясын айқындайды.
Ребрендинг халықаралық тәжірибеде кең қолданылатын бірыңғай корпоративтік бренд моделі (Branded House) моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл модель аясында еншілес және тәуелді ұйымдар заңдық, операциялық және функционалдық дербестігін сақтай отырып, бірыңғай корпоративтік «Бәйтерек» брендімен қызмет етеді. Мұндай тәсіл компаниялар тобының жинақталған беделдік капиталын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бекітілген логотиптер Холдингтің еншілес және тәуелді ұйымдарының корпоративтік материалдарына, цифрлық ресурстарына және коммуникациялық алаңдарына кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұл процесс салалық ерекшеліктер мен қолданыстағы операциялық үдерістерді ескере отырып жүзеге асырылады.