Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

21.07.2026

«Бәйтерек» холдингі мен China Minmetals өнеркәсіп және тау-кен саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Кеңес ал!

20.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Railways Systems KZ теміржол кластерінің өндірістік әлеуетімен танысты

«Бәйтерек» холдингі Railways Systems KZ теміржол кластерінің өндірістік әлеуетімен танысты

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері Қазақстандағы теміржол машина жасаудың ірі интеграцияланған орталықтарының бірі саналатын Екібастұз қаласындағы Railways Systems KZ теміржол кластерінің өндірістік нысандарында болды.

Site каз 1.png

Жұмыс сапары барысында қатысушылар кластер құрамындағы кәсіпорындардың қызметімен танысып, олардың ағымдағы өндірістік көрсеткіштерін, өндірісті одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыруға және отандық машина жасауды дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады.

Site каз 2.png

Railways Systems KZ кластері рельстік бекітпелерді, темірбетон бұйымдарын, бағыттамалы бұрмаларды, тұтас илемделген теміржол доңғалақтарын, осьтерді, доңғалақ жұптарын, сондай-ақ жүк және жолаушылар вагондарын өндіруге дейінгі теміржол өнімдерінің толық өндірістік циклін қамтамасыз ететін кәсіпорындарды біріктіреді. Мұндай өндірістік кооперация қосылған құнның бірыңғай тізбегін қалыптастыруға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Site каз 3.png

Сапар аясында делегация «Проммашкомплект», RailCast Systems, R.W.S. Wheelset, «Проммаш.KZ», R.W.S. Concrete және R.W.S. Binding кәсіпорындарының өндірістік алаңдарын аралады. Кәсіпорын басшылығы қолданыстағы өндірістік қуаттар, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар және өндірісті одан әрі кеңейту жоспарлары туралы ақпарат ұсынды.

Site каз 4.png

Кездесу барысында жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және теміржол машина жасау саласындағы отандық қамту үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Кәсіпорындардың өндірістік қуаттары жыл сайын жүздеген мың теміржол доңғалағын, ондаған мың ось пен доңғалақ жұбын, миллионнан астам рельстік бекітпе жиынтығын, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымына арналған өнімдердің кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік береді.

Site каз 5.png

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тараптар технологиялық тәуелсіздікті нығайту, экспорттық әлеуетті кеңейту және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру тұрғысынан өнеркәсіптік кластерлерді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Site каз 6.png

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар