Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

16.06.2026

«Бәйтерек» холдингі отандық өндірушілердің сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді

Кеңес ал!

16.06.2026

«Бәйтерек» холдингі отандық өндірушілердің сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді

«Бәйтерек» холдингі отандық өндірушілердің сатып алуларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі ел ішіндегі құндылықты дамыту және Холдинг компаниялар тобының сатып алуларына қазақстандық тауар өндірушілердің қатысу үлесін арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастып келеді.

Осы мақсатта Холдинг сатып алуды жоспарлау және өткізу кезеңдерінде қазақстандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл тетіктерін енгізді. Жаңа құралдар отандық өндірушілерге сатып алу веб-порталы арқылы жоспарланып отырған сатып алулар туралы хабарламаларды уақтылы алуға, сондай-ақ ұлттық режимнен алып қою қолданылатын тауарлар бойынша жүргізілетін баға маркетингі аясында өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, әлеуетті жеткізушілер мен қазақстандық тауар өндірушілерге техникалық ерекшеліктер жобаларын олар бекітілгенге дейін алдын ала талқылауға қатысу мүмкіндігі берілді.

«Біздің міндетіміз – қазақстандық тауар өндірушілерді сатып алу процесіне жоспарлау кезеңінен бастап тарту. Енгізілген тетіктер отандық бизнеске Холдинг компаниялар тобының қажеттіліктері туралы ақпаратты алдын ала алуға, техникалық ерекшеліктерді талқылауға қатысуға және баға маркетингі барысында өз ұсыныстарын ұсынуға жол ашады. Бұл қазақстандық өндірушілердің әлеуетін жан-жақты ескеруге және сатып алу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға ықпал етеді», – деді Холдингтің басқарушы директоры Рысхан Нугурбеков.

Аталған мүмкіндік қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркелген және Mitwork сатып алу веб-порталында аккаунты бар отандық өндірушілер үшін қолжетімді.

Бұл тетіктерді іске асыру отандық бизнестің ұсыныстарын жан-жақты ескеруге, техникалық ерекшеліктердің сапалы әзірленуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар