Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

24.06.2026

«Бәйтерек» холдингі Нидерланд бизнесіне қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды

Кеңес ал!

24.06.2026

«Бәйтерек» холдингі Нидерланд бизнесіне қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Нидерланд бизнесіне қаржыландыру мүмкіндіктерін таныстырды

23 маусым күні Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарушы директоры Сәкен Олжабаев Қазақстан–Нидерланд іскерлік кеңесінің II отырысына қатысып, шетелдік инвесторларға Холдингтің қаржылық құралдары мен мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстырды.

Іс-шара Нидерландтың Қазақстандағы көпсалалы сауда миссиясы аясында ұйымдастырылды. Оны Нидерланд Корольдігінің Елшілігі, Нидерланд кәсіпкерлікті дамыту агенттігі (RVO), BeNeLux сауда палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы бірлесіп өткізді. Форумға мемлекеттік органдардың, даму институттарының, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ Қазақстан мен Нидерландтың бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Нидерланд Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған елдердің бірі. Бүгінде Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 125 млрд АҚШ долларынан асты, елде нидерландтық капиталдың қатысуымен 700-ден астам компания жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы экспорт көлемінің артуы есебінен өсіп, шамамен 6 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстанның сауда және инвестициялық әлеуетіне арналған панельдік сессия барысында Сәкен Олжабаев «Бәйтерек» холдингінің елдің негізгі даму институты ретіндегі рөліне тоқталды. Ол Холдингтің тоғыз еншілес ұйымы арқылы инвестициялық жобаларды жан-жақты қаржылық қолдаумен қамтамасыз ететінін атап өтті.

Қатысушыларға Қазақстанда жобаларды іске асыратын отандық және шетелдік инвесторларға арналған қарыздық қаржыландыру, лизинг, тікелей инвестициялар, экспортты қолдау, кепілдік беру және субсидиялау құралдары таныстырылды. Сондай-ақ экономиканың басым салаларындағы қазақстандық және нидерландтық компаниялардың бірлескен жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Сәкен Олжабаев өз сөзінде Қазақстанның орнықты макроэкономикалық негізі, қолайлы инвестициялық ахуалы және Еуропа мен Азияны жалғайтын тиімді географиялық орналасуы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыратынын айтты.

«Бәйтерек» холдингі халықаралық қаржы институттарымен, стратегиялық инвесторлармен және шетелдік компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайын. Біз серіктестіктің түрлі форматтарын қарастыруға және жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз, – деді Сәкен Олжабаев.

Инвестиция салудың басым бағыттары ретінде агроөнеркәсіп кешені, машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі, көлік және энергетика инфрақұрылымы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамытуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар аталды.

Іскерлік кеңес аясында қазақстандық және нидерландтық компаниялар арасында B2B форматындағы екіжақты кездесулер өтіп, тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар