19.12.2024
- Холдинг туралы
Жетісу облысына жұмыс сапары барысында«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы ҚанатШарлапаев Жетісу облысының әкімі БейбітИсабаевпен кездесті.
Тараптар аграрлық секторды, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау, өңірдегі тұрғын үйқорын дамыту және тұтастай алғандаынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрамында3 жетекші бағыт бойынша жұмыс істейтін 8 еншілес ұйым бар екенін хабарлады. Бұл негізіненкәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік секторды дамытудықолдау, сондай-ақ құрылыс және халықты тұрғынүймен қамтамасыз ету. «Даму» кәсіпкерліктідамыту қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Аграрлықнесие корпорациясы, «Қазагроқаржы», «KazakhExport» экспорттық сақтандырукомпаниясы, Өнеркәсіпті дамыту қоры және «Отбасы банк» сияқты еншілес ұйымдардыңөкілдері әр бағытта толығырақ тоқталды.
Өңір экономикасын дамыту мақсатында құс еті, етжәне сүт өнімдерін өндіруді, жемістер мен көкөністерді өңдеуді, оның ішінде шырындар, джемдер және басқаларын өндіруді қоса алғанда, түрлі салалардағы 25 перспективалы жобанықаржыландыру мәселелерін пысықтау ұсынылды. Сүт-тауар фермаларын, жылыжайларды, форель шаруашылықтарын ашу, сондай-ақ алтын кенінөңдеу жөніндегі жобалар да қолдауды талап етеді. Ең маңыздыларының қатарына: жүнді қайта өңдеужәне иірілген жіп өндіру, ҚТҚ өңдеу зауытын және көтерме-тарату орталықтарын ашу және тағыбасқалар жатады.
Өңір басшысы облыстар бөлінгеннен кейінЖетісуда бюджет пен инвестициялықмүмкіндіктерді ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың қадамдық жоспарыәзірленгенін, бұл ретте инвестициялар тартужөніндегі жұмысқа баса назар аударылғанын атапөтті. Бейбіт Исабаев «Бәйтерек» Холдингіменынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылықбілдіріп, облыстың басым бағыттары мен даму әлеуетіне қысқаша тоқталды.
Қанат Шарлапаев атап өткендей, Холдинг жаңаөңірді қаржылай қолдауға және әкімдікпен тұрақтыөзара іс-қимыл жасауға мүдделі. Ол сондай-ақ Жетісу облысы экономиканы сапалы дамыту үшін көптеген мүмкіндіктері бар, барлық жағынанқолайлы өңір екенін атап өтті.
Холдингтің Басқарма төрағасы Жетісу облысынасапары аясында еншілес ұйымдардың өңірлікфилиалдарына барды, олардың арасында «Даму»КДҚ» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Аграрлық несиекорпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ бар.
Холдинг басшысы филиалдардың қызметімен және олардың өңірді дамытуға қосқан үлестеріментанысты. Сондай-ақ, Қанат Шарлапаев филиалдарұсынатын аграрлық кәсіпорындар мен ШОБ үшін қаржылық қолдау құралдары мен бағдарламаларынигеру барысын талқылады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдайбойынша Жетісу облысында 53 600 жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның 35,7%-ы ауыл, орман және балық шаруашылығында, 29,3%-ы саудада, 11,6%-ы қызмет көрсетусаласында, 4,6%-ы өңдеу өнеркәсібінде және 18,8%-ы экономиканың басқа салаларында жұмысістейді.
Аграрлық несие корпорациясының Жетісуоблысындағы филиалы 2007 жылдан бері жұмысістейді. Компанияның несие портфелі 27 млрд теңгені құрайды. Өзінің тиімді жұмысыныңарқасында филиал Жетісу облысының 4 мыңнанастам фермерлік шаруашылығына қызмет көрсетедіжәне «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер»бағдарламалары арқылы кредит беруді жүзеге асырады.
Жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы қолдау алған бірнеше кәсіпорындарға барды. Холдинг басшысы барған алғашқы объект – «Қайнар-АҚБ» ЖШС болды. Холдинг төрағасы«Қайнар-АКБ» компаниясының өндірістікпроцестерімен және технологияларымен танысты, сондай-ақ ынтымақтастық перспективалары мен оған қолдау көрсету мүмкіндіктерін талқылады.
«Қайнар-АКБ» аккумулятор батареяларын шығаратын отандық көшбасшы болып табылады. Сонымен қатар, зауыт пайдаланылған батареяларды қайта өңдеп, оларды бастапқы шикізатқа айналдырады. Компанияның Алматы және Астана қалаларында филиалдары бар, ал оның өнімдері Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь, Қытай, БАӘ және Қазақстанда, сондай-ақ ТМД елдері мен шетел нарықтарында сұранысқа ие.
Бұл жобаның негізгі мақсаты – өңірде жоғары сапалы кабель бұйымдары мен электр құралдарының өндірісін дамыту.
Кәсіпорында болған кезде Қанат Шарлапаев «Талдықорғанкабель» ЖШС-нің қызметімен және өндіріс процесімен танысты. Ол шығарылатын өнімнің сапасына ризашылығын білдірді.
Жұмыс сапары барысында Қанат Шарлапаев «JLC Сүт» ЖШС кәсіпорнына барды. «JLC Сүт» компаниясы Жетісу және Алматы облыстарында сүт өнімдерінің жетекші өндірушісі болып табылады. «JLC Сүт» ЖШС зауыты күн сайын 70 тонна сүт өнімін өндірсе, ал ай сайын 2000-2100 тоннаға жеткізеді.
Қанат Шарлапаев «JLC Сүт» ЖШС шығаратын өнімнің сапасы мен өндіріс процесіне ерекше қызығушылық танытты. Ол кәсіпорын командасына инновациялар мен жоғары сапаға ұмтылғаны үшін ризашылығын білдірді.
Жұмыс сапарының соңында «Бәйтерек» холдингінің төрағасы «Тәуелсіздік» ЖШС-де болды.
«Тәуелсіздік» ЖШС дәнді дақылдарды өсірумен және мал өсірумен айналысады. Мал шаруашылығы өнімдерінен түсетін пайда жалпы сатылымның едәуір бөлігін құрайды. Қазіргі уақытта ірі қара малдың жалпы саны 130 басты құрайды.
Өңірлік сапарлар сериясын қорытындылай келе, Холдинг басшысы холдингтің компаниялар тобыұсынатын қызметтерін арттырудың маңыздылығын, сондай-ақ барлық өзекті мәселелерді пысықтауқажеттігін атап өтті.