Кеңес ал!

13.11.2026

«Бәйтерек» холдингінде кәсіби мерекелерге орай қызметкерлер марапатталды

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінде Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Ұлттық валюта күніне, Цифрландыру және цифрлық технологиялар қызметкерлері күніне, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.

Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Холдингтің дамуына елеулі үлес қосып жүрген ұжымды мақтан тұтатынын айтты. Ол Холдингтің жетістіктері әр қызметкердің еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Осы еңбектің арқасында кәсіпорындар инвестициялық жобаларын іске асыруға қаржы алып, аграрийлер техникасын жаңартып, шаруашылығын дамытып келеді. Ал цифрлық сервистер қолдауға жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда 15 қарашада Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. 1993 жылы дәл осы күні теңге айналымға еніп, еліміз дербес ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік алды. Биыл Ұлттық валюта күні жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін алғаш рет аталып өтіп отыр. Ата Заңда теңгенің ұлттық валюта ретіндегі мәртебесі және оны айналымға шығарудың айрықша құқығы Қазақстанға тиесілі екені бекітілді.

Рәсім барысында «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобындағы 33 қызметкер марапатталды.



Энергетика саласын дамытуға және энергетикалық әрі коммуналдық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының алғыс хаттары

Шукеева Нұрбала Өмірзаққызы, «Бәйтерек» холдингінің № 2 инвестициялық дирекциясының жоба жетекшісі.

Қазден Бауыржан Қазденұлы, «Бәйтерек» холдингінің № 2 инвестициялық дирекциясының бас менеджері.

Салықов Олжас Жандосұлы, Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары.

Ибраев Ерлан Еркінұлы, Қазақстанның Даму Банкінің басқарушы директоры.

Құрманбаева Әйгерім Ерханқызы, Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының Заңды тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры.

Цифрландыру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің алғыс хаттары

Құрмаш Құрман Берікұлы, «Бәйтерек» холдингінің Цифрландыру департаментінің бас менеджері.

Мұстафина Жадыра Дүйсенқызы, «Бәйтерек» холдингінің Цифрландыру департаментінің бас менеджері.

Мендебаева Айжан Әзілханқызы, Қазақстанның Даму Банкінің аппарат басшысы.

Герцен Евгений Александрович, Отбасы банктің цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директоры.

Мәжит Ергерей Ерланұлы, Отбасы банктің Ақпараттық технологиялар департаменті директорының міндетін атқарушы.

Нұрқожаев Самат Өмірханұлы, Отбасы банктің CRM жүйесін дамыту және қолдау департаментінің директоры.

Сүлейменов Серік Смағұлұлы, Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің директоры.

Тұяқбаев Мағжан Сәкенұлы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің Жобалық басқару және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

Букаемский Сергей Олегович, Qazaqstan Investment Corporation компаниясының Автоматтандыру және цифрландыру департаментінің директоры.

Лопатин Владимир Викторович, «ҚазАгроҚаржы» компаниясының Ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің директоры.

Хамитов Бақтияр Болатұлы, Өнеркәсіпті дамыту қорының Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

Шкоропад Егор Александрович, Аграрлық несие корпорациясының Жобаларды енгізу және сүйемелдеу департаментінің жоба жетекшісі.

Молдағалиев Біржан Қайнарұлы, Аграрлық несие корпорациясының Цифрландыру департаментінің машиналық оқыту жөніндегі инженері.

Қасымов Мирас Асқарұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Бизнес-технологиялар департаментінің бас менеджері.



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісі

Закумбаев Дәурен Серікұлы, «Бәйтерек» холдингінің Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

Қадирханова Мөлдір Қанапияқызы, «Бәйтерек» холдингінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері.

Сейтжанов Айдос Бауыржанұлы, «ҚазАгроҚаржы» компаниясы Басқарма төрағасының орынбасары.

Әбдіқалықова Анар Жолтайқызы, Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының Төлемдерді өңдеу департаментінің директоры.

Панькова Ирина Евгеньевна, Қазақстанның Даму Банкінің Экономика және жоспарлау департаментінің директоры.

Ерназарова Гауһар Қырғызбайқызы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры, бас бухгалтердің орынбасары.

Өзбекова Айгүл Болатқызы, Аграрлық несие корпорациясының Шымкент қаласындағы филиалының Әкімшілендіру бөлімінің бастығы.



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі

Сәбитов Бауыржан Алпысбайұлы, «Бәйтерек» холдингінің № 1 инвестициялық дирекциясының жоба жетекшісі.

Бәкібаева Алма Мұратқызы, «ҚазАгроҚаржы» компаниясының Жобаларды әкімшілендіру департаментінің директоры.



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

«Еңбек ардагері» медалі



Жавгашева Гүлнара Нартасқызы, Аграрлық несие корпорациясының Кредиттерді басқару департаментінің директоры.

Жұмабаев Болат Сәдуақасұлы, «ҚазАгроҚаржы» компаниясының Лизинг нысандарын сатып алу департаментіндегі Лизинг нысандарын сатып алу бөлімінің менеджері.



Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталары

Угланова Әсел Қайырғазықызы, «Бәйтерек» холдингінің № 1 инвестициялық дирекциясының бас менеджері.

Еділова Әсем Аманжолқызы, Аграрлық несие корпорациясының басқарушы директоры.

Бейсенбаев Бекболат Төлегенұлы, Аграрлық несие корпорациясының Тәуекел-менеджмент департаментіндегі Кредиттік тәуекелдер бөлімінің менеджері.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар