Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

10.10.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Түркістан облысы әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Кеңес ал!

10.10.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Түркістан облысы әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» холдингі мен Түркістан облысы әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

7–8 қазан күндері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің делегациясы Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхының жетекшілігімен Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапардың мақсаты – инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысу, өнеркәсіп және аграрлық сектор кәсіпорындарын аралау, сондай-ақ Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қаржылық құралдарын пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шараларды талқылау болды.

Делегация құрамына Холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері – Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Qazaqstan Investment Corporation, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Аграрлық несие корпорациясы, ҚазАгроФинанс және Өнеркәсіпті дамыту қоры кірді.

Сапардың бірінші күнінде Холдинг делегациясы Отырар ауданындағы мақтаны тазалау және өңдеу зауытында болды. Аталған кәсіпорында мақта-тоқыма кластерін құру жобасы жүзеге асырылуда. Жоба мақтаны өсіруден бастап дайын өнімді шығарып, экспортқа дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтиды. Инвестиция көлемі 420 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоба іске асқанда 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, еліміздің жеңіл өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосады.

Сол күні зауыт аумағында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне арналған «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті. Фестиваль шеңберінде мақта алқаптарына экскурсиялар, ауыл шаруашылығы және мақта техникасының көрмесі, сондай-ақ заманауи агротехнологиялардың таныстырылымы ұйымдастырылды.

«Бәйтерек» холдингі өңірдегі осындай индустриялық-аграрлық бастамаларды қаржыландыру және инвестициялық қолдау құралдары арқылы одан әрі дамыту мүмкіндігін қарастыруда.

Бұған дейін, 2025 жылғы 7 тамызда, «Бәйтерек» ҰБХ мен «Kazakhstan Lihua» ЖШС арасында агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыру және экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Сондай-ақ сапар барысында Түркістан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің, Холдинг басшылығының және еншілес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Кездесу барысында тараптар кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тартуды ынталандыру және бизнестің қаржылық құралдарға қолжетімділігін кеңейту мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша «Бәйтерек» холдингі мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатта шағын және орта бизнесті, өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешен мен инфрақұрылымдық жобаларды қолдау жөніндегі бірлескен шараларды іске асыру көзделген.

«Бәйтерек» холдингі өңірлермен серіктестікті жүйелі түрде дамытып келеді. Бұл – мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңызды факторы. Түркістан облысы өсімге зор әлеуеті бар өңір – тек аграрлық және өндірістік емес, сонымен қатар туризм саласында да даму мүмкіндіктері мол. Біз жеңіл өнеркәсіпті дамытуда үлкен әлеуетті көреміз: отандық шикізатты өсіру және өңдеу арқылы қосылған құн қалыптастырып, дайын өніммен жаһандық Fast Fashion нарығына шығуға болады. Холдинг өңір кәсіпкерлеріне инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыру, кепілдендіру және сақтандыру құралдарының кең спектрін ұсынуға дайын», – деді «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы.

Сапардың екінші күні делегация «TURAN» арнайы экономикалық аймағында болды, онда ПВХ құбырларын өндіру зауыты мен иіру кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл нысандар өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытудағы әлеуетін және инвестиция тартудың кең мүмкіндіктерін айқындайды.

Сапардың соңында делегация «Даму» қорының филиалында өткен Ашық есік күні форматындағы кездесуіне қатысты.
Кездесуде өңір кәсіпкерлері бизнесті дамыту мен өндірістік қуаттарды кеңейтуге бағытталған қолданыстағы және жаңа қолдау бағдарламаларымен танысты.

«Бәйтерек» холдингі жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жалғастырып, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады.
Холдинг өзінің өнімдік бағдарламаларының өңірде тиімді жұмыс істеуіне және
Түркістан облысының тұрақты экономикалық өсіміне ықпал етуге мүдделі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар