Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

02.07.2026

«Бәйтерек» холдингі мен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

Кеңес ал!

02.07.2026

«Бәйтерек» холдингі мен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады

Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерсайын Хамитовтың «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Басқарма мүшелері Чо Хёнсынмен және Ким Виталий Афанасьевичпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар «Бәйтерек» холдингі мен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылап, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құралдары арқылы шағын және орта бизнесті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Атап айтқанда, кредиттерге кепілдік беру тетіктері мен «Өрлеу» бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері, сондай-ақ бизнесті қаржыландыру саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша банк пен «Даму» қоры арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды.

Сонымен қатар тараптар Холдингтің еншілес ұйымдарының инвестициялық жобаларын құрылымдау және қаржыландыру, сауданы қаржыландыру мен экспортты қолдау құралдарын дамыту, оның ішінде «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-пен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ банктің перспективалы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Бұдан бөлек, корпоративтік басқару, ESG қағидаттарын енгізу, жобалық қаржыландыру және капитал тарту салаларында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы бағытта тараптар Baiterek Business University алаңында бірлескен семинарлар мен білім беру іс-шараларын өткізуге қызығушылық білдірді.

Тараптар Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.

Анықтамалық ақпарат

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Shinhan Bank-ке (Сеул қ., Корея Республикасы) 100% тиесілі және әмбебап коммерциялық банк ретінде қызмет етеді. Банк кредит беру мен кепілдіктер ұсынуды, депозиттік операцияларды, сауданы және инвестицияларды қаржыландыруды, интернет-банкингті, сондай-ақ карточкалық өнімдерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Қазақстанның даму институттарын біріктіреді және бизнесті қолдаудың қаржылық құралдары арқылы экономиканы әртараптандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар