14.07.2025
- Холдинг туралы
Кеңес ал!
Астанада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Qazaq Independent Directors қауымдастығы (QID) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Вячеслав Сон және QID қауымдастығының атқарушы директоры Эльмира Абаканова қол қойды.
Келісім директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері институтын дамытуға, басқару тетіктерінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ корпоративтік сектордағы ашықтық пен есептілікті күшейтуге бағытталған. Бірлескен жұмыс кәсіби кадр резервін қалыптастыруды, кандидаттарды іріктеудің заманауи тәсілдерін енгізуді, сондай-ақ корпоративтік реттеу саласындағы білім беру бастамаларын іске асыруды көздейді.
«Тәуелсіз директорлардың мықты пулын қалыптастыру – корпоративтік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырудың маңызды шарты. QID қауымдастығымен бірлескен жұмыс осындай мамандарды іріктеуге және дамытуға жүйелі келуге, сондай-ақ компаниялардың бүкіл тобы деңгейінде үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Вячеслав Сон.
Уағдаластықтар шеңберінде тараптар аналитикалық және әдістемелік материалдарды дайындау, консультациялық іс-шаралар өткізу және диалог алаңдарын құру үшін сарапшылық мүмкіндікті біріктірмекші. Бастамаларды іске асыру Холдингтің компаниялар тобындағы тәуелсіз бақылауды күшейтуге және басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін болады.
Qazaq Independent Directors қауымдастығы (QID) — мақсаты Қазақстан Республикасында тәуелсіз директорлар институтын ілгерілету және корпоративтік басқару мәдениетін нығайту болып табылатын кәсіби бірлестік. Қауымдастық стратегиялық менеджмент, құқық, қаржы және комплаенс саласындағы сарапшыларды біріктіреді, әртүрлі бейіндегі компаниялардың басқару органдарына тәуелсіз мүшелердің қатысуын кеңейтуге және біліктілігін арттыруға ықпал етеді.