Кеңес ал!

30.05.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Oman Investment Authority Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын іске қосу мәселесін талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен Oman Investment Authority Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын іске қосу мәселесін талқылады

Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин Oman Investment Authority (OIA) делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны OIA төрағасының орынбасары Мулхам Аль-Джарф бастап келді.

Кездесуге сондай-ақ Mars Development and Investment, Өзбек-Оман инвестициялық компаниясы, Shared Assets OQ және Oman Investment Bank компанияларының өкілдері қатысты.

Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, соның ішінде көлік және логистика, электронды коммерция, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу сынды салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталған Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құру бастамасын талқылады.

Кездесу барысында Қазақстанның қор жұмысына институционалдық серіктес ретінде қатысуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қордың өңірлік офисін Астана қаласындағы АХҚО базасында ашу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл шешім қор стратегиясын іске асыруда қазақстандық тараптың қатысуын күшейтіп, инвестициялық қызметті тиімді үйлестіруге жол ашады.

«Орталық Азия тікелей инвестициялар қорына қатысуды біз өңір елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, капитал ағынын тиімді тартуға жол ашатын стратегиялық мүмкіндік ретінде қарастырамыз», – деді Рустам Қарағойшин.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның Қорға қатысу шарттары мен құрылымы бойынша талқылауды жалғастыруға дайын екендерін растады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар