24.07.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Оңтүстік Кореяның YPP Co., Ltd. компаниясының президенті Чонхван Киммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар жаңартылатын энергетика, декарбонизация және заманауи энергетикалық инфрақұрылымды дамыту салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында құны 2,0-2,2 млрд АҚШ долларын құрайтын жасыл сутегі мен жасыл аммиак өндіру жобасы қаралды. Жоба шамамен 1,14 ГВт жаңартылатын энергия көздері объектілерін салуды, сондай-ақ жылына 55-75 мың тоннаға дейін жасыл сутегі және 310 мың тонна жасыл аммиак өндіруді көздейді. Қазіргі уақытта жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, оны 2026 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.
Кездесу барысында қатысушылар инвестициялар тарту, заманауи технологияларды пайдалану және Қазақстанның төмен көміртекті экономикасын дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға даму институттарының ықтимал қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Бәйтерек» холдингі халықаралық ынтымақтастықты дамытуды инвестициялар тартудың және Қазақстан экономикасына озық технологияларды енгізудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде қарастырады. Біз елдің орнықты дамуына ықпал ететін жобаларды бірлесіп пысықтауға мүдделіміз және инвестициялық әрі әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз», – деді Тимур Онжанов.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және перспективалы инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын бірлесіп пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.
Анықтамалық ақпарат
YPP Co., Ltd. – 1982 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның жеке энергетикалық және инжинирингтік компаниясы. Компания электр энергетикасы объектілерін қорғау және басқару жүйелеріне, электр станциялары мен қосалқы станциялардың EPC-жобаларына, жаңартылатын энергетикаға, сондай-ақ жасыл сутегі мен жасыл аммиак саласындағы жобаларға маманданған. Компания Қазақстанда 2023 жылдан бері жұмыс істейді, Алматы қаласында филиалы бар. 2023 жылы қуаты 1 ГВт болатын Түркістан бу-газ электр станциясына арналған қосалқы станцияның құрылысын аяқтады.