08.06.2022

«Бәйтерек» холдингі мен IFC ынтымақтастықты нығайтады

«Бәйтерек» холдингі мен IFC ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Түркия мен Орталық Азиядағы Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) директоры Вибке Шлемермен кездесу өткізді.

IFC – Дүниежүзілік банк құрылымына кіретін, дамушы елдер үшін жеке меншік инвестициялар ағынын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында құрылған халықаралық қаржы институты.

DSC_1054_1.jpg

Кездесу барысында тараптар екі қаржы институтының инвестициялық жобалар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылады. Кредиторлар консорциумы құрамындағы IFC Алматы қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысына инвестиция құйып отыр. Айта кететіні, бұл жобаға өзінің еншілес ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ арқылы 15% үлеспен «Бәйтерек» холдингі де қатысады. 

DSC_1055_1.jpg

- Терминал іске қосылғанда жолаушылар ағыны артады, жаңа халықаралық бағыттар ашылады, жүк тасымалдау ағыны ұлғаяды, сондай-ақ клиенттер үшін көрсетілетін қызметтер жақсарып, коммерциялық және басқа да инфрақұрылымды дамиды деп есептейміз, - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Сонымен қатар, IFC-пен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру бағытында ынтымақтастық орнату мәселелері қаралды.

Жалпы, тараптар әңгіме өрбуіне ризашылықтарын білдіріп, алдағы өзара іс-қимыл қадамдарын белгіледі. 

Кездесуге Орталық Азия бойынша IFC өңірлік өкілдігінің басшысы Кассандра Колберт, Қазақстандағы IFC кеңсесінің басшысы Екатерина Бенджамин қатысты. Холдинг тарапынан «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ Басқарма төрайымы Айнұр Қуатова, Холдингтің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айжан Оразова қатысты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар