14.03.2022

«Бәйтерек» холдингі мен ЕҚДБ инвестициялық ынтымақтастық саласындағы «сағаттарды сәйкестендірді»

«Бәйтерек» холдингі мен ЕҚДБ инвестициялық ынтымақтастық саласындағы «сағаттарды сәйкестендірді»
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) вице-президенті Ален Пиллоумен іскерлік кездесу өткізді.

Кездесуге ЕҚДБ Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай, ЕҚДБ Қазақстан бойынша директоры, Басқарма төрағасы Хусейн Озхан, Холдинг басқарма төрағасының орынбасарлары, сондай-ақ еншілес ұйымдарының басшылығы – «Отбасы Банк» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қатысты.

Қанат Шарлапаев қонақтарды «Бәйтерек» холдингінің стратегиялық қызметі – кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін және құрылыс индустриясын қолдау туралы хабардар етті.

DSC_0067.jpg

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасының көптеген салаларындағы негізгі оператор болып табылады. Холдинг пандемия кезінде дағдарысқа қарсы үлкен рөл атқарды. Қазіргі уақытта Холдингтің негізгі міндеті нарықтық құралдарды кеңейту, екінші деңгейлі банктердің ұлттық экономикаға қатысуын арттыру болып табылады. ЕҚДБ-мен ынтымақтастық біздің стратегиямыздың ажырамас бөлігі болып табылады, - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Өз кезегінде Алан Пию Қазақстандағы халықаралық қаржы институтының қызметі, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді.

DSC_0048.jpg

- Біз Қазақстанның жеке секторын қажетті қаржымен қамтамасыз ету үшін «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес компанияларымен ынтымақтасуға дайынбыз, - деп атап өтті өз кезегінде Алан Пию.

DSC_0080.jpg

Кездесу соңында тараптар диалогты жалғастыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге келісті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар