Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.05.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Oman Investment Authority Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын іске қосу мәселесін талқылады

Кеңес ал!

30.05.2025

«Бәйтерек» холдингі мен ЕҚДБ инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Бәйтерек» холдингі мен ЕҚДБ инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

29 мамырда Астана Халықаралық форумы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин мен ЕҚДБ-ның Бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк қол қойды.

«Меморандум тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен энергетика саласындағы күш-жігерімізді біріктіруге, жаңа пилоттық қалаларды айқындауға және инфрақұрылымды жетілдіру бойынша нақты жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді. Бұл — біздің «Бәйтерек» холдингімен және оның еншілес ұйымдарымен стратегиялық әріптестікті кеңейтудегі кең ауқымды жоспарымыздың бір бөлігі», — деді Юрген Ригтеринк.

Меморандум ҚР Үкіметі бекіткен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған. Тараптар Ақтау және Көкшетау қалаларында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға қатысты инвестициялық жобаларды бірлесіп әзірлеу және іске асыру мүмкіндігін қарастырып отыр.

«Бұл меморандум инфрақұрылымды дамыту саласына инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. ЕҚДБ-мен әріптестік жобалардың инвестициялық құрамдасын күшейтуге және коммуналдық салада сапалы өзгерістер жасауға септігін тигізеді», — деді Рустам Карагойшин.

Алдағы ынтымақтастық жобаларды жан-жақты пысықтауға және мүдделі тараптармен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыруға бағытталады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар