Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

15.07.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Desserta Hellas Қазақстанда сүт өнімдері өндірісін жергіліктендіру мәселесін талқылады

Кеңес ал!

15.07.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Desserta Hellas Қазақстанда сүт өнімдері өндірісін жергіліктендіру мәселесін талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен Desserta Hellas Қазақстанда сүт өнімдері өндірісін жергіліктендіру мәселесін талқылады

15 шілдеде «Бәйтерек» холдингінде грек компаниясы Desserta Hellas делегациясымен кездесу өтті. Келіссөздерге Desserta Hellas компаниясының бас директоры Афанасиос Платаниас, австриялық Berglandmilch тобының бас директоры Йозеф Браунсхофер және Doriki ірімшік өндіруші компаниясының бас директоры Ник Сканиас қатысты. Холдинг тарапынан кездесуге басқарушы директорлар Нияз Көшкімбаев пен Сәкен Олжабаев, сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы өкілдері қатысты.

Тараптар Desserta Hellas компаниясын Қазақстан Республикасы аумағында ірімшік және басқа да сүт өнімдерінің өндірісін жергіліктендіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға тарту мәселесін талқылады.

Холдинг өкілдері агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қолдауға арналған қолжетімді қаржы құралдары туралы баяндады. Холдингтің еншілес ұйымдары – Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарды кредиттеу, сондай-ақ жобаны іске асыру барысында пайдаланылуы мүмкін техника мен жабдықты лизингке беру қызметтерін ұсынады.

– Қазақстан елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сүт өндіру және оны терең өңдеу саласындағы озық технологияларды тартуға мүдделі. Desserta Hellas пен Berglandmilch компанияларының сүт өнімдерін өндіру және экспорттау бағытындағы тәжірибесі қазақстандық нарықта сұранысқа ие болуы мүмкін. Ал Холдинг өз еншілес ұйымдарының қаржы құралдары арқылы жобаны қолдауға дайын, – деді Нияз Көшкімбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық фермерлер мен сүт өнімдерін өндірушілердің Австрия мен Грекияға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ ықтимал инвестициялық жобаны іске асырудың негізгі параметрлерін бірлесіп пысықтауды жалғастыруға келісті.

Анықтамалық ақпарат

Desserta Hellas S.A. – 1996 жылы құрылған грек компаниясы. Ол Австрияның Berglandmilch сүт кооперативінің Грекия, Кипр және Балқан өңіріндегі эксклюзивті серіктесі болып табылады. 2024 жылы компания Doriki ірімшік өндіретін кәсіпорынды сатып алып, Янина өңірінде фета ірімшігін өндіруді қоса алғанда, өндірістік сегментке шықты. Компанияның өнім түрлеріне сүт, ашытылған сүт өнімдері, сары май, ақ ірімшіктер және жетілдірілген ірімшіктер кіреді.

Berglandmilch – шамамен 11 мың фермерлік шаруашылықты біріктіретін Австриядағы ең ірі сүт кооперативі. Кооператив жыл сайын шамамен 1,3 млрд литр сүт өңдеп, өз өнімдерін әлемнің 50 еліне экспорттайды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар