Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

26.06.2026

«Бәйтерек» холдингі мен ADM Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

Кеңес ал!

26.06.2026

«Бәйтерек» холдингі мен ADM Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен ADM Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

26 маусым күні Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин әлемдегі жетекші агроөнеркәсіптік корпорациялардың бірі Archer Daniels Midland (ADM) компаниясының вице-президенті Арди ван Ланквельдпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағыттарын, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін Холдингтің қаржылық құралдарын пайдалану мәселелерін талқылады.

Кездесуді аша отырып, Рустам Қарагойшин Қазақстанның америкалық инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтіп, «Бәйтерек» холдингінің экономиканың басым секторларында жобаларды жүзеге асыратын халықаралық компаниялар үшін сенімді серіктес болуға дайын екенін жеткізді.

«Мемлекет басшысы өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Бұл жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуды көздейді. «Бәйтерек» холдингі еліміздің негізгі даму институты ретінде еншілес ұйымдарының құралдары арқылы кешенді қолдау көрсетуге дайын. Атап айтқанда, Қазақстанның Даму Банкі арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі арқылы экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, Qazaqstan Investment Corporation арқылы акционерлік капитал тарту, сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері ұсынылады», – деді Рустам Қарагойшин.

Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының қатарында қазақстандық серіктестермен бірлесіп жүгері крахмалын өндіру, сондай-ақ республика аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындарға арналған тағамдық шәрбаттар шығару жобалары қарастырылды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, болашақ өндірістердің экспорттық мүмкіндіктерін және елдің Орталық Азия мен Таяу Шығыс нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін өңірлік өндірістік әрі логистикалық хаб ретіндегі артықшылықтарын талқылады.

«Біз Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудағы өңірлік орталық ретіндегі әлеуетін жоғары бағалаймыз. ADM үшін халықаралық тәжірибе мен жергілікті серіктестердің мүмкіндіктерін ұштастыра отырып, жоғары қосылған құны бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту маңызды», – деп атап өтті Archer Daniels Midland компаниясының вице-президенті Арди ван Ланквельд.

ADM әлемдегі жетекші төрт агроөнеркәсіптік корпорацияның қатарына кіреді. Компания дәнді және майлы дақылдарды өңдеуге, азық-түлік ингредиенттерін өндіруге және жаһандық жеткізу тізбектерін дамытуға маманданған. Компанияның жылдық табысы 85 млрд АҚШ долларынан асады. Бас кеңсесі Чикаго қаласында орналасқан.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растап, Қазақстандағы жобаларды іске асыру бойынша ықтимал әріптестік форматтарын бірлесіп пысықтауды жалғастыруға келісті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар