Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

11.02.2026

«Бәйтерек» холдингі MBI Selangor малайзиялық компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кеңес ал!

11.02.2026

«Бәйтерек» холдингі MBI Selangor малайзиялық компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«Бәйтерек» холдингі MBI Selangor малайзиялық компаниясымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

10 ақпанда «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінде MBI Selangor малайзиялық компаниясының делегациясымен кездесу өтті. Тараптар экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

«Бәйтерек» холдингі тарапынан кездесуге Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Сәкен Олжабаев, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-құрылыс бағдарламалары департаментінің директоры Руслан Төлегенов қатысты.

Малайзиялық делегацияны Қазақстан Республикасындағы Малайзия Елшісі Мохд Адли Абдуллах басқарды. Келіссөздерге сондай-ақ Малайзия Елшілігінің бірінші хатшысы Ван Шафаувати Ван Мустафа, Селангор штатының инвестициялар, сауда және ұтқырлық мәселелері жөніндегі атқарушы кеңесшісі Нг Сзе Хан, Селангор штаты Атқарушы кеңесінің мүшесінің саяси кеңесшісі Мұхаммад Афик бин Азиз және MBI компаниялар тобының бас директоры Сайполязан бин Мат Юсоп қатысты.

Кездесу барысында малайзиялық тараптың Қазақстан аумағындағы инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері, соның ішінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде стратегиялық бастамаларды қаржыландыру мәселелері қаралды. Аталған жоба бойынша «Бәйтерек» холдингі қаржылық оператор ретінде айқындалған. Сонымен қатар малайзиялық холдинг Qazaqstan Investment Corporation, Өнеркәсіпті дамыту қоры және «Отбасы банк» АҚ-мен өзара іс-қимылды жолға қоюға және тәжірибе алмасуға мүдделілік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыру және «Бәйтерек» холдингі делегациясының Селангор штатына сапарын ұйымдастыру жөнінде уағдаласты.

Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов делегацияны Холдингтің инвестициялық холдингке трансформациялануы және инвестициялар тартудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстары туралы хабардар етті. Бұл модель жобаларды кешенді сараптауды, құрылымдауды және іске асырудың барлық кезеңінде сүйемелдеуді көздейді.

«Инвестициялық трансформация аясында Холдинг халықаралық әріптестермен жүйелі өзара іс-қимыл моделін қалыптастыруда. Біз стратегиялық инвесторларды тартуға мүдделіміз және салалық ерекшеліктер мен Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді басымдықтарын ескере отырып, жобаларды құрылымдаудың ашық тетіктерін ұсынуға дайынбыз», – деп атап өтті ол.

Кездесу нәтижесінде тараптар нақты ынтымақтастық бағыттарын пысықтауға өзара қызығушылықтарын растады. Сонымен қатар малайзиялық тарап Холдингті ағымдағы жылдың қазан айында өтетін Selangor Business Summit іс-шарасына қатысуға шақырды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар